Қазақстан мен Қытай сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Қытай сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Қытайдың СІМ аралық консультациялар және ҚР-ҚХР ынтымақтастық комитетінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 12-ші отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, ал қытай тарапын – ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюй (Министрдің деңгейінде) басқарды.

Саяси консультациялар барысында тараптар 2023 жылы қос ел арасындағы саяси саладағы ынтымақтастықты қорытындылады, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде 2024 жылға арналған жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар жоспарын, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ 2024 жылы «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» аясында бірлескен іс-шараларды өткізу жөніндегі жоспарларды талқылады.

Тараптар БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия-Қытай» форматындағы халықаралық және өңірлік құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитеттің отырысында киберқауіпсіздік саласындағы құзыретті мемлекеттік органдардың практикалық өзара іс-қимылы, «үш зұлымдық» (терроризм, сепаратизм және экстремизм) күштерімен күрес, трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, қорғаныс ведомстволары желісі бойынша ынтымақтастық, кадрлар даярлау және терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар мәселелері талқыланды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша тараптар Кіші комитеттің хаттамасына қол қойып, достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде Қазақстан-Қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытына бейілділігін растады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив