Қазақстан СІМ басшысы Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

Майндағы Франкфурт, 2023 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірқатар герман компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Автомобиль, авиация, энергетика және өндіруші өнеркәсіп саласындағы бөлшектерді өңдеуге арналған станоктар мен өндірістік жүйелер шығаратын «EMAG Gmbh» неміс компаниясы Қазақстанда өндірісті оқшаулауға мүдделі.

«WIS Kunststoffe GmbH» компаниясының өкілдерімен кездесу барысында компанияның елімізде полимерлі пластмассалар және компоненттер шығаратын зауыт салу жоспарлары талқыланды.

«PSE Engineering GMBH» неміс компаниясының қызығушылығы Қазақстанда құрастыру өндірісін ашуға бағытталған. Процестерді модельдеу, механика және құбыр технологиялары саласындағы инжинирингтік компания үшін Орталық Азия өңірі мұнай-газ өндіру өнеркәсібі саласындағы заманауи технологиялық шешімдерге жоғары сұранысқа байланысты маңызды. Бұл компания отандық мұнай-газ компанияларының біріне инжиниринг жасау және жабдықтарды жеткізу бойынша бірнеше жобаны жүзеге асырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив