Орталық Азия және Еуропалық Одақ елдерінің СІМ басшылары алғашқы рет кең форматтағы кездесу өткізді

Орталық Азия және Еуропалық Одақ елдерінің СІМ басшылары алғашқы рет кең форматтағы кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» министрлік кездесуінің 19-шы отырысына қатысты. Отырыс аясында алғаш рет Орталық Азияның 5 елі және Еуроодаққа 27 мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлері бас қосты.

Кездесуге қатысушылар Орталық Азия мемлекеттерінің Еуропалық Одақпен қарым-қатынасын тереңдету бойынша бірлескен жол картасын ұсынды. Құжат Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің 2023 жылғы 2 маусымда Чолпон-Атадағы кездесуінде қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес пысықталған.

Еуроодақтың Орталық Азия бойынша 2019 жылғы стратегиясын толықтыратын жол картасы өңіраралық ынтымақтастық салаларын едәуір кеңейтеді. Құжат өзара нақты іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындайды. Олардың арасында Орталық Азия елдерінің көлік инфрақұрылымын Трансеуропалық көлік желісімен (TEN-T) байланыстыру, сыни шикізат материалдарын өңдеу, өңірдегі жасыл жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ фитосанитария, ветеринариялық шаралар және т.б. салалар бар.

ҚР Сыртқы істер министрі М. Нұртілеу өз сөзінде қазіргі геосаяси жағдайда екі өңірдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуін өткізудің маңыздылығы мен уақтылылығын, өзара тиімді ынтымақтастықты іс жүзінде ілгерілету үшін осы алаңның бірегейлігін атап өтті. «Еуропалық әріптестердің тығыз өзара іс-қимылы мен саяси қолдауының арқасында Орталық Азияның жаһандық саясаттағы рөлі күн сайын артып келеді. С5+ форматы өзінің өзектілігі мен тиімділігін анық көрсетіп келеді», – деді Министр.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ауыл шаруашылығы, инвестициялық және цифрлық ынтымақтастық салаларындағы бірқатар бастамаларды, сондай-ақ Транскаспий дәлізінің толық әлеуетін ашу бойынша қазақстандық тараптың ұсынысын жария етіп, осы ретте еуропалық экспорттаушыларды Еуропадан Азияға бағытталған көлік дәлізін белсенді пайдалануға шақырды.

Сонымен қатар Министр М. Нұртілеу Орталық Азия өңірі үшін климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігін атап өтіп, осы бағыттағы жұмыс пен бастамалар туралы хабарлады. Осы ретте Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспары, Алматыда Орталық Азия елдерінің климат және жасыл энергетика мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесін ашу және 2026 жылы Қазақстанда БҰҰ Өңірлік климаттық саммитін өткізу жоспарлары тағы да расталды.

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Жозеп Боррелл бұл алаң жемісті көпжақты әріптестіктің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Оның пікірінше, ынтымақтастықты одан әрі тереңдету сауданы кеңейтуге, инвестиция тартуға, көліктік және цифрлық өзара байланысты дамытуға жәрдемдесетін болады. Еуроодақтың «Global Gateway» және «Green Deal» негізгі стратегияларын жүзеге асыру да осы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Комиссар Ютта Урпилайнен өз сөзінде білім беру және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру арқылы адами байланыстарды дамыту және өзге де ағымдағы және жаңа өңірлік бағдарламаларға шолу жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері мен ЕО сыртқы саяси ведомстволары басшыларының бірлескен коммюникесі қабылданды. Коммюникеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Қазақстанда БҰҰ Климаттық саммитін өткізу және Халықаралық Аралды құтқару қоры шеңберінде тараптардың ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі және өзге де бастамалар көрініс тапты.

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» министрлік кездесуінің келесі отырысын 2024 жылы Түрікменстанда өткізу жоспарланған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив