Нью-Йоркте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

Нью-Йоркте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Тараптар Ұйымды дамыту, оның әлеуетін жетілдіру перспективаларын, сондай-ақ өзекті халықаралық және өңірлік проблемалар тұрғысынан ШЫҰ - БҰҰ өзара іс-қимылын тереңдету мәселелерін талқылады.

Қазақстан СІМ басшысы өз сөзінде Ұйымның қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің ықпалды қатысушыларының бірі ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның ШЫҰ төрағасы ретінде тараптардың бірлескен күш–жігерін Шанхай ұйымының қызметін жетілдіруге, өзара іс-қимылдың барлық бағыттары - қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды теңгерімді дамытуға бағыттауға дайын екендігін білдірді.

«Қазіргі жағдайда бізге замануаи қауіп-қатерлерге тиімді жауап бере алатын мобильді ұйым қажет. Шанхай ұйымының әлеуетін пайдалануға жаңа көзқарас қажет» – деді М. Нұртілеу.

Делегация басшылары Ұйымға БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы байқаушы мәртебесін берудің 20 жылдығы қарсаңында ШЫҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару қажеттігін қолдады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив