Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күнін атап өтті

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күнін атап өтті

 Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға дипломатиялық қызмет ардагерлері, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының халықаралық блогының өкілдері және ҚР СІМ Орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұрат Нұртілеу құттықтау сөзінде Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және беделді мүшесі ретінде әлемдік процестердің белсенді қатысушысы екенін атап өтті. Қазақстандық дипломатия отыз жылдық белестен өтіп, бүгінгі күні әлемдік сахнада мемлекеттің мүдделерін сенімді түрде ілгерілетіп, қорғауда.

«Сыртқы істер министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын кәсіби түрде орындап, халықаралық бастамаларын табысты жүзеге асыруда. Алдағы уақытта да сыртқы саяси ведомствосының ұжымы Тәуелсіздігімізді қорғау және ел мүдделерін әлемдік деңгейде ілгерілету ісінде өз күш-жігерін аянбай жұмсайтынына кәміл сенемін», – деді Министр.

Сонымен қатар СІМ басшысы алдағы кезеңде әлемдік дамудың басты бағыты ғана емес, мемлекетіміздің жаңа жаһандық архитектурадағы орны да айқындалатынын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саясаты халқымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге, барлық географиялық векторларда достық, әріптестік және өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтауға және қолдауға бағытталуы тиіс.

Соңғы жылдары қазақстандық дипломатия прагматикалық сипатқа ие болып, қоғам мен республика азаматтарының нақты сұраныстарына бағдарлануда. Сондықтан шетелде отандастарымыздың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау – ҚР дипломатиялық қызметінің басым міндеттерінің бірі.

Кәсіби мереке қарсаңында СІМ басшысы М. Нұртілеу оңтүстік астана Алматы қаласында тұратын дипломатиялық қызмет ардагерлерін де құттықтады.

Салтанатты іс-шарада Министр дипломаттардың аға буынына, оның ішінде республиканың мүдделерін шетелде қорғаған және Тәуелсіздік жылдары отандық дипломатиялық қызметтің қалыптасуына үлкен үлес қосқан төтенше және өкілетті елшілерге ерекше алғысын білдірді.

«Ұрпақтар сабақтастығы мен өзара байланысы – отандық дипломатиялық қызметтің сапалы дамуының талассыз кепілі. Қазақстандық жас дипломаттар Сіздердің жолдарыңызды абыроймен жалғастырып, әлемдік алаңдарда ел мүдделерін ілгерілетуде», – деп атап өтті М. Нұртілеу.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күніне орай ардагерлер мен дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды және бірқатар қызметкерлерге кезекті дипломатиялық дәрежелер берілді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/583190?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив