Қазақстан және Люксембург СІМ басшылары еқіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Қазақстан және Люксембург СІМ басшылары еқіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге ресми сапармен келген Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрі Жан Ассельборнмен екіжақты келіссөздер өткізді.

Бұл сапардың 29 маусымда өтуінің өзіндік мағынасы бар – 31 жыл бұрын дәл осы күні елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

СІМ-дегі кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен байланыстарды дамыту перспективаларын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады.

М. Нұртілеу Люксембургпен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның Еуропа бағытындағы сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Қазақстан сыртқы саяси мекемесінің басшысы: «Қазақстан-Люксембург әріптестігі көптеген өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарының арқасында екіжақты және көпжақты негіздерде ұзақ уақыттан бері достық пен өзара сенімге, сындарлы өзара іс-қимылға негізделген. Біз өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеру, сондай-ақ Еуропа одағы шеңберіндегі диалогты тереңдету үшін Люксембург әріптестерімізбен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», – деді.

Өз кезегінде Ж. Ассельборн Люксембург тарапының Қазақстанмен әріптестікті одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделілігін білдірді. Осы тұрғыда, сапар барысында авиация саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану мәселелері бойынша өзара түсіністік меморандумдарына қол қойылғаны аталып өтті.

Сұхбаттастар инвестициялық әріптестікті және былтыр 2,5 есеге, ал биыл 4,5 есеге артқан тауар айналымын атап өтті. Люксембургтен тікелей инвестиция ағыны 2022 жылы 202,5 млн АҚШ долларын құрады.

Келіссөздерде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді, соның ішінде ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы консультацияларды имплементациялауға бағытталған барлық басым бағыттар бойынша байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Ж. Ассельборн ҚР мен ЕО арасындағы визалық режимді либерализациялауға қолдауын растады.

Қазақстан мен Люксембург СІМ басшылары сондай-ақ білім беру, қаржы, көлік, тау-кен өндіру, энергетика және табиғатты қорғау секторларындағы ықпалдастык мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл ретте, СІМаралық консультациялар тәжірибесін жалғастырып, кезекті раундты 2024 жылы Астанада өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жалпы, өткен келіссөздер Қазақстан мен Люксембург арасындағы саяси байланыстарды, іскерлік әріптестікті, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды, еуропалық және әлемдік аренадағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін жағымды мүмкіндіктер бар екенін көрсетті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/581695?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Dmndwf 29 августа 2023 22:49

    dydrogesterone buy online <a href="https://danaterone.shop/">order dydrogesterone 10 mg online</a> empagliflozin over the counter

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив