Мәжілісте Қазақстан мен Еуропарламент арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Мәжілісте Қазақстан мен Еуропарламент арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған мәжілісмендер Еуропарламент депутаты Карстен Люкты қабылдады. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Айгүл Құспан Қазақстан Еуропарламентпен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретінін, өткен жыл еліміз бен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынаста табысты болғанын атап өтті. Сондай-ақ комитет төрайымы Карстен Лукенің сапары Қазақстанның жаңа тарихындағы бетбұрыс кезеңдердің біріне сәйкес келгенін жеткізді.  – Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған терең саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Республикалық референдум нәтижесінде қабылданған заңдар Президенттің өкілеттіктерін биліктің басқа институттарына қайта бөлуге, биліктің өкілді тармағын реформалауға, сайлау жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау институттарын нығайтуға және сайлау процесін жаңғыртуға мүмкіндік берді, - деді Айгүл Құспан. Сонымен қатар депутаттар жұмысының маңызды бөлігі сыбайлас жемқорлықпен күрес және капиталды қазынаға қайтару, сот жүйесін толық әділеттілік пен тәуелсіздік үшін реформалау екенін де айтты.  Мәжілісмендер Айдос Сарым мен Марат Бәшімов әріптестерінің сөзін Мәжілістің алдағы заң шығару қызметі мен Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету қажеттігі туралы пікірлерімен толықтырды. Еуропарламент депутаты Карстен Луке Мәжіліс депутаттарына саяси реформалар, білім және ғылым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөнінде бірқатар сұрақ қойды. - Мен үшін кеңседе отырып, құжаттармен ғана жұмыс істеуден гөрі серіктестермен жеке сөйлесу әлдеқайда маңызды. Сондықтан ашықтықтарыңыз үшін рахмет айтамын. Мұндай қарым-қатынас тараптардың бір-бірін көбірек түсінуіне мүмкіндік береді. Жақында тағы жүздесеміз деген үміттеміз. Еуропарламенттің халықаралық істер жөніндегі комитетінің делегациясы тамыз айында Қазақстанға келеді, - деді Карстен Луке. Кездесу қорытындысы бойынша олар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, достық топтар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, жиірек іс-сапарлармен алмасуға келісті. Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Еуроодақ дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осыған орай келесі аптада еліміз Еуропарламентте арнайы көрме өткізеді.  

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49980/1/1



[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив