Қазақстан СІМ-де Финляндиямен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Финляндиямен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды

2022 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Киммо Кильюнен бастаған Финляндия Республикасы Парламентінің Орталық Азия елдерімен парламентаралық достық тобымен кездесті. 

Р. Василенко фин делегациясының сапары Президент инаугурациясынан кейін Қазақстанға осындай деңгейдегі бірінші шетел делегациясы екенін атап өтіп, сұхбаттастарды Мемлекет басшысының алдағы өкілеттік мерзімінің маңызды басымдықтары туралы хабардар етті. Келіссөздер барысында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға және әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құру мақсаттарына ерекше назар аударылды.

Екіжақты ынтымақтастықты талқылау аясында Министрдің орынбасары парламенттер арасындағы байланыстар екі ел арасындағы саяси диалогқа маңызды үлес қосып, серпін беретінін атап өтті. Ол ү.ж. 11 қазанда Хельсинкиде өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның кезекті отырысының тиімді рөлін ерекше атап, Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға шақырды. 

Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының Саяси мәселелер мен демократия жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін де атқаратын К. Килюнен Қазақстанмен ынтымақтастық пен екіжақты байланыстарды парламентаралық желі арқылы одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. 

Оған қоса, тараптар Қазақстан мен Финляндияның көпжақты форматтағы ынтымақтастығы мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. 

Финляндия парламенттік делегациясының Қазақстанға сапары Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында өтуде. Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылады. Қазақстанда фин тарапының қатысуымен 45 компания жұмыс істейді. 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 302,7 млн АҚШ долларды құрады. 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив