Мәулен Әшімбаев Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасымен кездесті

Мәулен Әшімбаев Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата делегациясы ресми сапармен Қырғыз еліне келді. Екі күнге жалғасатын сапар барысында депутаттардың Қазақ-қырғыз зиялыларының VII форумына қатысуы және елдің басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізуі жоспарланған.

Мәулен Әшімбаев пен Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Шакиевтің кездесуі кезінде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларына кеңінен тоқталды.

«Қазіргі таңда қазақ-қырғыз қарым-қатынасы барлық салада қарқынды дамып келеді. Оған ең жоғары деңгейдегі белсенді диалогтың ықпалы зор екені сөзсіз. 2021 жылы наурызда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нургожоевич Жапаров Қазақстанда мемлекеттік сапармен болды. Ал былтыр мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен келді. Сонымен қатар мемлекет басшыларымыз басқа да көпжақты және екіжақты форматтағы іс-шараларда кездесіп отырады. Сол кездесулердің нәтижелері елдеріміздің барлық саладағы қарым-қатынасына тың серпін берді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол Қазақстан Парламентінің Сенаты өңірлердің мүддесін білдіретін Палата екеніне және екі ел арасында өңіраралық қарым-қатынасты арттыру мәселелеріне назар аударды. Мәулен Әшімбаев бұл бағытта нақты істерге басымдық берудің маңызы зор екенін тілге тиек етті.

«Жалпы, Қазақстан мен Қырғызстанның өңіраралық ынтымақтастығының әлеуеті зор. Соны тиімді пайдаланғанымыз абзал. Бұл ретте екі елдің шекаралас аймақтары арасындағы байланысты нығайту маңызды. Ол сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ трансшекаралық мәселелерді шешу арқылы шекаралас өңірлердегі тұрғындардың өмір сүру деңгейін де жақсартуға мүмкіндік туады. Өңірлерде екі ел депутаттарының, оның ішінде жергілікті өкілді орган депутаттарының кездесулерін  тұрақты түрде өткізудің де берері мол деп есептейміз», – деді Қазақстант Парламенті Сенатының Спикері.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарының жұмысында өңірлердегі проблемаларды шешуге баса мән берілетінін, бұл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылған конституциялық реформаның жалғасы екенін айтты.

Өз кезегінде Нұрланбек Шакиев Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалардың рөлін жоғары бағалап, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дәйекті түрде дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол парламентаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы бірлескен жұмыс үшін Мәулен Әшімбаевқа алғысын білдірді және екіжақты диалогты жан-жақты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Одан бөлек, сұхбаттасушылар сауда-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық және басқа да мәселелерді шешуге екі ел парламентарийінің тигізер ықпалын талқылады. Екі мемлекет арасында білім және ғылым саласындағы өзара байланыс жүйелі түрде дамып келе жатқаны да айрықша аталды. Қазіргі таңда Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқу үшін Қырғызстан азаматтарына бөлінетін квотаның көлемі ұлғайтылды. Сонымен бірге таяуда Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылғанын да айта кеткен жөн.

Сонымен бірге сапардың алғашқы күнінде Сенат Төрағасы 1916 жылғы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандарды еске алуға арналған «Ата-Бейит» тарихи мемориалына гүл шоғын қойды және әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың рухына тағзым етті. Сондай-ақ қайраткер қаламгердің музей-үйіне барды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив