Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Астана, 2023 жылғы 11 қаңтар – 2023 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Осы атаулы күнге орай Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Чехияның Қазақстандағы Елшісі Рудолф Гикл екі мемлекет басшыларының және сыртқы істер министрлерінің атынан құттықтау хаттарымен алмасудың салтанатты рәсімін өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында қысқа мерзім ішінде елдеріміздің саяси диалогы, сауда-экономикалық байланыстары мен көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ықпалдастығының аясы тұрақты түрде кеңейіп жатқанына назар аударды.

Сондай-ақ, Чех Республикасының Президенті Милош Земан атап өткендей: «Чехия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар ежелден келе жатқан достық сипатқа ие және көпжақты салалардағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатыр».

Кездесу барысында қазақстандық дипломат үш онжылдық ішінде біздің елдеріміздің ынтымақтастығы серпінді дамып, өзара тиімді әріптестікке айналғанына қанағаттанушылығын білдірді.

Екіжақты қатынастар делегациялардың тұрақты алмасуымен сипатталады, екі елдің өзара іс-қимылын дамытудың тиімді және пәрменді тетіктерінің бірі экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Бүгінгі таңда инвестициялар, көлік және логистика, IT технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру сияқты салаларда өзара іс-қимылдың нақты перспективалары бар екендігі атап өтілді.

Қазақстан-Чехия арасындағы мықты саяси қарым-қатынастар мен жан-жақты шарт-құқықтық база сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы әлеуетті іске асыру үшін қолайлы негіз қалады.

Чехия Еуропалық одағындағы елдер арасында Қазақстанның маңызды сауда әріптестерінің бірі болып табылады. 2022 жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,7%-ға ұлғайып, 370,9 млн АҚШ долларды құрады (сонымен қатар, чех статистикасына сәйкес, осы кезеңдегі тауар айналымы 1,132 млрд АҚШ долларды құрды). 2022 жылдың екі тоқсанында ҚР-дағы ТШИ-дің жалпы ағыны 15,3 млн АҚШ долларды құрады. Қазақстанда 138 чех компаниясы өз қызметін жүзеге асырады.

Р. Василенко мен Р. Гикл сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделілігін растады. Қазақстан мен Чехия халықтарының игілігі үшін әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Осыған байланысты, жоғары деңгейдегі сапарлар мен екі елдің бизнес миссияларын ұйымдастыру жоспарлары талқыланды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/487726?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив