ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін таныстырды

Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын депутаттарға таныстырды.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, ұсынылған жаңа тәсілдер ең алдымен: икемді жұмыспен қамтудың жаңа формаларының пайда болуына және оларды реттейтін заңнамалық базаның әлі қалыптаса қоймауына; жұмыс орындарының тиісті саны мен сапасын талап ететін жас жұмыс күші ағынының айтарлықтай артуына; өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне әлі де болса толық қатыспай отырғанына байланысты болып отыр.

Аталған проблемаларды шешу үшін Әлеуметтік кодекс жобасында 3 бағыт көзделген.

Біріншісі – еңбек нарығын либерализациялау (ырықтандыру). Бұл икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмысты тануды білдіреді.

Осы мақсатта «тәуелсіз жұмыскер» – яғни табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға ұғымы енгізілген болатын.

«Осындай жұмыскерлер қызметтерін онлайн платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, Яндекс такси онлайн платформасына қосылған такси жүргізушілері, Glovo онлайн платформасына қосылған курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына жатады. Бұл жұмыскерлер үшін онлайн платформалардың операторларын салық агенттері ретінде анықтап, арнаулы салық режимдеріне сәйкес жұмыскерлердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отыратын болады. Бұл жағдайда тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады», - деп хабарлады министр.

ЕХӘҚМ басшысының хабарлауынша, егер «Тәуелсіз жұмысшылар» үшін тиісті аударымдар болмаған жағдайда оларға заңдарда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі.

Екіншісі – жұмыс күшінің дағдыларын арттыру.

«Бүгінгі таңда дипломның болуы біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көбісі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болуда. Осыған байланысты, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның жобасы әзірленді. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленетін болады», - деді Тамара Дүйсенова.

Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізілетінін министр атап өтті. Сертификат практикада қажет болатын білімі, еңбек дағдысы мен біліктілігін бағаланып барып беріледі. Сертификаттар тек формалды ғана емес, сонымен қатар формалды емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі.

Үшіншісі – жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтарын қалыптастыру.

«Бүгінгі күні азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру процесстері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге асуда. Осыған байланысты, Кодекс жобасында қазіргі жұмыспен қамту орталықтарын аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін мобильді орталықтарға трансформациялау көзделуде», - деп қорытындылады министр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив