Қазақстан Сыртқы істер министрі Токиоға келді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Токиоға келді

Токио, 2022 жылғы 26 қыркүйек - Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэның мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Токиоға жұмыс сапарымен келді.

Қазақстандық делегация Жапония астанасына келгеннен кейін Мұхтар Тілеуберді Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимас Хаяшимен келіссөздер өткізді. Президент Қ.Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, Министр М. Тілеуберді С.Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Жапония кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізгенін және биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Министрлер екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелерін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі егжей-тегжейлі қаралды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив