Қазақстанда 2025 жылға дейін IT-маман ретінде қайта даярлауды қалайтындарға 20 мың жолдама беріледі

Қазақстанда 2025 жылға дейін IT-маман ретінде қайта даярлауды қалайтындарға 20 мың жолдама беріледі

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет министрі Минакша Лекхимен кездесті. Кездесу барысында екі елдің цифрландыру, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, инновацияларды коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бағдат Мусин Қазақстанның IT саласындағы кадр тапшылығы мәселесі қалай шешілетіні туралы айтып берді.

«Цифрлық трансформацияны жүргізу үшін жоғары білікті IT-мамандардың болуы маңызды. Қазақстанда жыл сайын жеке ІТ-мектептерде білім алу үшін IT-ваучерлер бөлінетін болады. Бұл – IT-мамандығын игеруге немесе осы мамандыққа ауысуға ниет білдірген кісілер үшін жақсы мүмкіндік. Біздің болжам бойынша 2025 жылы  20 000 ваучер шығарылады. Осы орайда үнді компанияларын білім жобаларына қатысуға шақырамын», - деп атап өтті Цифрлық даму министрі.  

Бұдан басқа, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі елімізде проактивті қызмет көрсету бағытына баса назар аударылып отырғанын, «цифрлық құжаттар» сервисі іске қосылғанын, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қашықтық форматқа ауыстырылғанын атап өтті.

«Біздің министрлік Үндістанмен АКТ, электрондық басқару, ақылды қала, ІТ-мамандардың біліктілігін арттыру, телекоммуникация, киберқауіпсіздік, ғарыш саласында серіктестік және тиісті агенттіктер, технопарктер, венчурлық қорлар мен кәсіпорындар арасында әріптестік орнатуға ниет білдіріп отыр»- деп өз сөзін қорытындылады Бағдат Мусин..

Шетелдік делегация аталған салаларда ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Осы жылдың жазында қазақстандық делегация тәжірибе алмасу мақсатында Үндістанға іс-сапармен баруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 қаңтарда Үндістан-Орталық Азия бірінші саммиті кезінде Үндістан Премьер-Министрі Шри Нарендра Моди мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев озық тәжірибе, білім алмасу, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялар, инновациялар мен стартаптарды коммерцияландыру саласында ынтымақтастықты жолға қою арқылы цифрландыру және электрондық басқару салалары бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін талқылаған болатын.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1655201178 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив