Қазақстан Елшісі Словенияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Словенияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Президент сарайында Қазақстанның Аустриядағы Елшісі және Словениядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Омаров Словения Президенті Борут Пахорға сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Словения Президентіне жолдаған жылы лебіздерін жеткізіп, биыл екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 30 жылдығының маңыздылығын атап, Қазақстанның Словениямен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен мән беретінін хабарлады.

Елші сұхбаттасын Қазақстандағы ахуалмен және Мемлекет басшысының жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен таныстырды.

Өз кезегінде, Б. Пахор жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытып, Словения Қазақстанды сенімді әріптесі ретінде қарастыратынын және Люблянаның тығыз ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін атап өтті.

Кездесу соңында  Словения Президенті екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тілеп, Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаевқа жылы тілектерін жолдады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Candida 29 сентября 2023 12:20

    I do believe all of the concepts you've introduced to your post.

    They're very convincing and can certainly work. Still, the posts are very
    brief for newbies. Could you please lengthen them a bit from
    next time? Thank you for the post.

    Look at my blog post; Apotheke

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив