Қызылордада сотталғандар ас салатын ағаш астау жасап жатыр

Қызылордада сотталғандар ас салатын ағаш астау жасап жатыр

Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде жүйелі жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда  ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік  аймағында 11 кәсіпкер жұмыс жасап, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Онда сотталған азаматтар әк өндіру, газоблок, құм блоктарын өндіру, колөнер мен аяқ киім тігу, кірпіш өндірісі, пластик терезелер шығару, жалюзи дайындау, автокөліктерді жөндеу, жұмсақ жиһаз даярлаумен айналысады.

Жақында осы мекеменің өндірістік аймағында тағы бір жұмыс орны  ашылды. Бұл жұмыс орнында ағаштан түйін түйген  4 сотталған қолөнер бұйымдарын жасайды. Олар қазіргі таңда сұранысқа ие ет салатын астау жасап жатыр.

Бізге астаудың  жасалу ерекшелігін жазасын өтеуші азамат түсіндіріп берді. Алдымен астау жасауға қажетті ағаш түрін таңдап аламыз, ол ағаш жай ағаш емес, қайың, терек үйеңкі ағашы болуы керек. Астау жасауға арнайы шапқы, қашау, пышақтың түрлері қажет. Бір астауды жасауға шамамен бір аптадай уақыт кетеді. Астауды ағаштан қашап, формасына келтірген соң, сыртына ою түсіріп сәндейміз. Негізі астауды жылқы майымен майлап отырған дұрыс, өзінің сапасында реңінде жоғалтпайды.

«Астау жасау аса төзімділікті қажыр-қайратты қажет етеді. Өзімде ағаштан түрлі бұйыдар жасайтын едім. Енді міне мекеме аумағынан қолөнер бұйымдарын жасайтын жұмыс орны ашылып жатыр. Қазіргі таңда ұлттық өнерге деген сұраныс жоғары. Астауға тапсырыс өте көп түсіп жатыр, мерзімінде орындап беруге тырысамыз. Еңбек жалақымызда уақытылы төленіп жатыр»- деді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив