Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына

Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына

Бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының бірегей қолбасшы ұлдарының бірі, ойшыл, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр. 

Елордамызда Бауыржан Момышұлының туған күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қорғаныс министрлігі, Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Республикалық "Жас сарбаз" балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері салтанатты митинг өткізіп, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен келешек ұрпақты тәрбиелеу жолында қалдырған шығармашылық туындылары халқымыздың құнды жәдігерлері екндігін айтып өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Абай Тасболатов та:

"Біздің ұрпақ Бауыржан Момышұлының 1941 жылдың күзінде Москва үшін болған шайқастардың шешуші күндерінде бірнеше рет жау тылында қоршауда қалып, тұтқұйылдан дұшпанға қайта-қайта ойсырата соққы беріп, шығынсыз кетудің, яғни, соғыс тактикасының жаңа үлгісін - "Бауыржан спиралін" ойлап тауып, қолданысқа енгізгенін біліп жүруі керек.

Бұл ұрыстардың нәтижесінде жау күшінің Волокаламск тас жолының бойында бірнеше күн шабуылының қарқыны бәсеңдеп, біздің әскердің күш жинап, қорғанысты нығайтуына себеп болды. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерлігі - басқыншылардың жеңімпаз әскерін соғуға және күйретуге болатынын барша әлемге паш етті! Соны мойындатушылардың бірегей тұлғасы – біздің Бауыржан Момышұлы" - деді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив