"ТАУ-КЕН АЛТЫН"АЛТЫН ӨНДІРУДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫН АСЫРА ОРЫНДАДЫ

Ағымдағы жылдың 12 айының қорытындысы бойынша "Тау-Кен Алтын" аффинаж зауыты 30 тонна алтын өндірді, деп хабарлады "Тау-Кен Самұрық "ҰТК"АҚ. Осылайша, жобалық қуаты 25 тонна болған кезде зауыт жылдық өндіріс жоспарын 20% - ға асыра орындады.

Зауыт жұмыс істей бастағаннан бері 128 тоннадан астам алтын өндірілді. Зауыт өнімінің негізгі көлемі еліміздің алтын-валюта резервін толықтыруға бағытталған.

"Зауытты одан әрі дамыту өндірілетін алтын шығару көлемін ұлғайтуды, бағалы металдар қозғалысын есепке алу мақсатында процестерді автоматтандыруды, сондай - ақ қатты өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуді және аяқталмаған өндірісті азайтуды көздейді",-деді "Тау-Кен Самұрық" ҰТК " АҚ Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген.

"Тау-Кен Алтын" 2013 жылдың қараша айында пайдалануға берілді және құрамында алтыны бар шикізатты (катодты және шлихті алтын, зергерлік және техникалық сынықтар, Доре қорытпасы) қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік, жеке аффинаж өндірісінің стратегиялық маңыздылығын ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті. 2011 жылы индустриялық-инновациялық форум барысында Нұрсұлтан Назарбаев елордада алтын өндіретін зауыт салу туралы тапсырма берді. "Тау-Кен Алтын" аффинаж зауытының құрылысы 2012 жылдың 3 шілдесінде басталды, ал 2013 жылдың желтоқсанына қарай кәсіпорын өз өнімін шығарды. 

АО «НГК Тау-Кен Самрук»

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив