Сайлаушылардың тізімдері және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы Ортсайлауком отырысы

Сайлаушылардың тізімдері және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы Ортсайлауком отырысы

2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялардың өкілдері, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД Миссиялары, бейнеконференцбайланыс режимінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста екі мәселе қаралды:

  1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына ұсыну туралы;
  2. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Ол Ортсайлаукомның азаматтарды тексеру және оларды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жүргізген жұмысы жөнінде баяндады. Осылайша, сайлау науқаны шеңберінде Ортсайлауком сайлаушылар тізімімен жұмыс істеуге арналған жеке отырыс өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша ОСК-ның сайлаушыларға Үндеуі және сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы түсіндіру-плакат (БАҚ-та, елді мекендердің қоғамдық орындарында, ресми интернет-ресурстарда орналастырылған) қабылданды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында республикалық телеарналарда 623 рет «азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы» бейнеролик көрсетілді. Ұқсас тақырып бойынша аудиоролик республикалық радиостанциялардың эфирінде 642 рет шықты. Осы мәселе бойынша баспа басылымдарында 12 модуль басылды. 5 үздік интернет-ресурстарда осы тақырып бойынша баннердің ротациясы қамтамасыз етілді, көрушілер саны – 47,6 млн.

Жергілікті атқарушы органдар call-орталықтардың жұмысын ұйымдастырды, онда сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алды. Call-орталықтар сайлау науқаны басталғаннан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде оларға 42 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Константин Петров ағымдағы жылдың 26 желтоқсанынан бастап әрбір азамат тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларындағы сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді тексеруге құқылы екенін хабарлады.

Азаматтар тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарылып тасталғаны, сондай-ақ тізімдердегі сайлаушы туралы деректерде жаңсақтық жіберілгені үшін шағымдана алады. Сайлаушылар тізімдеріне енгізу, олардан шығару не сайлаушылар тізімдеріне түзетулер енгізу қажеттігі туралы арыздарды тиісті сайлау комиссиясы арыз келіп түскен күні қарайды. Арызданушы үшін дұрыс шешім қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар тізіміне түзетуді немесе енгізілмеген сайлаушыны тізімге енгізуді дереу жүргізеді. Өтініш қабылданбаған жағдайда сайлау комиссиясы өтініш берушіге оның өтінішін қабылдамау туралы дәлелді шешімнің көшірмесін кешіктірмей береді. Шешімге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиісті сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

Сайлау учаскелері бойынша, азаматтардың уақытша болатын орындарындағы (демалыс үйлеріндегі, санаторийлердегі, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелердегі, алыс мал шаруашылығы учаскелеріндегі, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларындағы, сондай-ақ шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлаушылар тізімдері сайлаушыларға танысу үшін дауыс берілетін күнге дейін бес күн бұрын ұсынылады және дауыс берілетін күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша міндетті түрде нақтылануға тиіс.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі бірінші мәселе аясында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары сөз сөйледі. Олар сайлау комиссияларына сайлаушылар тізімін ұсыну жұмыстары туралы баяндады.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады. Ол 2020 жылғы 22 қазанда сайлауды халықаралық бақылау институты ашылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 4 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 86 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.

2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге 4 халықаралық ұйымнан және 14 шет мемлекеттен тағы 190 байқаушының кандидатурасы ұсынылды.

4 халықаралық ұйымнан 167 байқаушы кандидатурасы ұсынылды: ТМД – ғы байқаушылар Миссиясының құрамында – 142 байқаушы; ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрамында – 9 байқаушы; ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі шектеулі Миссиясында – 2 байқаушы; ШЫҰ-дан бақылаушылар Миссиясында-14 байқаушы бар.

14 шет мемлекеттен аккредиттеуге 23 үміткер ұсынылды, оның ішінде: 6 шет мемлекеттен-1 байқаушыдан (Әзірбайжан Республикасы, Мажарстан, Испания Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ресей Федерациясы, Француз Республикасы); 7 шет мемлекеттен – 2 байқаушыдан; (Армения Республикасы, Индонезия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түрік Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Швейцария Конфедерациясы); Румыниядан-3 байқаушыдан.

А.Щегорцованың баяндамасының қорытындысы бойынша Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

Осылайша, 2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 276 халықаралық байқаушы аккредиттелді.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді. 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив