7 тамызда Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

7 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

 

2020 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда екі мәселе қаралды:

 

1) «2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы».

2) «2020 жылғы 9 тамыздағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы».

 

ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде халықаралық байқау институты ашылғанын еске салды.

Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова "2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы" баяндама жасады.

"Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

Сайлау заңнамасына сәйкес 6 тамызда сағат 18.00-де халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау науқаны аясында Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы ұсынысы бойынша ҚР ОСК Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 байқаушыны аккредиттеді: Әзірбайжан Елшілігінің 2 өкілі және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елшіліктерінің бір-бірден өкілі.

Осы мәселені қарау аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев сөз сөйледі, Сыртқы істер министрлігі ҚР Сенатына сайлауды байқау үшін шақыру-хаттар мен тиісті ноталар келесі халықаралық ұйымдарға жіберілгенін хабарлады: ТМД, ТМД ПАМ, ТМЫК, ТүркПА және ШЫҰ.

Ержан Ашықбаев сондай-ақ ҚР СІМ жанында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 143 өкілі сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлауды халықаралық байқаушылармен тең дәрежеде байқай алатынын атап өтті.

Отырыстың екінші мәселесі аясында Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев ағымдағы жылдың 9 тамызында Беларусь Республикасы Президентінің кезекті сайлауы өтетінін хабарлады.

Осыған байланысты ҚР ОСК отырысында "2020 жылғы 9 тамыздағы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы" мәселе шығарылды.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Қазақстан Республикасынан 5 байқаушының кандидатурасы бекітілді, олар а.ж. 9 тамызда Белоруссиядағы сайлауды байқауға қатысады.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Bart 4 ноября 2023 21:31

    I have been exploring for a little bit for any
    high-quality articles or weblog posts on this kind of space .
    Exploring in Yahoo I at last stumbled upon this web site.
    Reading this info So i am glad to show that I've a very good uncanny feeling I discovered exactly what I needed.
    I such a lot for sure will make sure to do not overlook this web site
    and give it a look regularly.

    my web-site :: precio del gestapuran sin receta médica

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив