Елордалық еңбек мигранттары жұмысқа рұқсатты кез келген ХҚО-дан ала-алады

Елордалық еңбек мигранттары жұмысқа рұқсатты кез келген ХҚО-дан ала-алады

1 қарашадан бастап елордада жұмыс істейтін еңбек мигранттары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тиісті рұқсат құжаттарын ала бастады. Аталған пилоттық жоба ҚР аумағында ағымдағы жылдың 22 маусымында басталған болатын.

Егер бұрын еңбек қызметіне рұқсат алу немесе ұзарту үшін елордалық мигранттарға тек көші-қон ХҚО-ға жүгінуге тура келсе, енді олар рұқсатты кез келген қалалық қызмет көрсету орталығынан ала алады. Ол үшін ХҚО-лардың ақпараттық жүйелері ҚР ІІМ Көші-қон қызметі жүйелерімен ықпалдасып, бастапқы және дайын құжаттарды беру тәртібі жеңілдеді.

Пилоттық жоба басталғаннан бері елорданың халыққа қызмет көрсету орталықтарында еңбек қызметіне 6576 патент берілді.

Қарапайым ХҚО-ларда жобаның сәтті іске асуына байланысты, Нұр-сұлтан қаласындағы Иманов көшесі, 31 мекенжайында орналасқан  көші-қон ХҚО-ны тарату туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған көші-қон қызметі орталығы 2018 жылдың қаңтарында ашылған болатын. Мұнда "Азаматтарға арналған үкімет" мамандары көші-қон полициясының қызметкерлерімен бірге "бір терезе"қағидаты бойынша жұмыс істеген. 

Анықтама:

Көші-қон қызметі орталығы ашылған сәттен бастап "еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін 42 мыңнан астам шетелдік азамат пайдаланды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив