Ақтөбеде көші-қон қызметінің орталығы ашылды

Ақтөбеде көші-қон қызметінің орталығы ашылды

Елбасымыздың Жолдауын орындау және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласында көші-қон қызметтерінің орталығы ашылды.

Енді көші-қон орталығы арқылы еңбек мигранттарына қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша алуларына мүмкіндік туып отыр.

Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 249 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайтын 3 қабатты ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік корпорацияның фронт-офисі орналасқан болса, екінші қабатында аталмыш көші-қон орталығы жұмыс істейді. Орталық жалпы саны 13 жұмыс орнымен жабдықталған.

Орталықтың басты міндеті көші қон саласындағы қызметтерді алуды барынша жеңілдету болып табылады. Бұрын мигранттарға еңбек етуге берілетін рұқсат құжаттарын беру мен оны ұзарту үшін 3 - 5 күндей уақыт кететін еді, енді бұл процес көші-қон орталығы арқылы 2 сағат ішінде жүзеге асырылуда. Тағы бір тиімділігін атап өтер болсақ, бұрын аталмыш қызмет түрін алу үшін еңбек мигранттары медициналық қараудан, дактилоскопиядан өтуді, сақтандыру полистерін рәсімдеу мен жеке сәйкестендіру нөмірлерін алуда әртүлі мекемелерге жүгінетін, қазір бұл қызметтерді де бір ғана көші-қон орталығы қабырғасынан өтуге болады.

Жылдан жылға артып келе жатқан бұл қызмет түрі 2017 жылдың 9 айы ішінде облыс бойынша 9 мыңнан асса, ағымдағы жылдың дәл осы кезеңінде бұл көсеткіш 11 мыңнан асып отыр.

Жалпы Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 4 510 627 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 82% -ы электронды түрде көрсетілген,сонымен Елбасымыздың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 2019 жылға дейін 80% электрондық форматқа көшіру бойынша тапсырмасы Ақтөбе облысында орындалды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде көрсету тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді.

 

МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив