«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»   ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРДЫ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компаниялар тобының қызметкерлері «Донор күні» акциясына қатысты. Акция қорытындысы бойынша 13 литрден астам қан жиналды.

 Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау үшін акция кеңсе сыртында өткізілді. Қан алу үшін трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мобильді тобы Қордың елордадағы кеңсесіне келді. Қызметкерлер төрт донор бір уақытта болуы мүмкін арнайы жабдықталған автобуста қан тапсырды.

 Волонтерлердің айтуынша, компаниялар тобының қызметкерлері үшін донорлық дәстүрге айналды. Іс-шараны жыл сайын SK Volunteers Волонтерлер лигасы өткізеді.

 «Біздің волонтерлер қазір дәрігерлер мен медициналық мекемелерге қолдау көрсететін уақыт келді деп шешті. Оның үстіне трансфузиология орталығы коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындалуда. Өкінішке орай, пандемияға байланысты барлық адамдар іс-шараға қатыса алмады. Бірақ біз акцияға қосылған көптеген қызметкерлердің тіпті өз отбасы мүшелерін тартқанына қуаныштымыз», - деп атап өтті SK Volunteers үйлестірушісі Айгүл Смайылова.

 Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлерін біріктіреді. http://volunteer.sknews.kz/ сайты арқылы өтініш беру арқылы волонтер бола аласыз. Қор тобындағы волонтерлік төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor - мұқтаждарға қамқорлық көрсету, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asyl mura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар  жөніндегі департаменті

Анықтама:

 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $69 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика салаларының кәсіпорындары кіреді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив