Ернар Баянғазин: «Жемқорлық пен COVID індеттерін жою – бірлігі жарасқан қоғамның ғана күшінен келеді»

Ернар Баянғазин: «Жемқорлық пен COVID індеттерін жою – бірлігі жарасқан қоғамның ғана күшінен келеді»

 

Мемлекетіміздегі тұрақтылық, бейбітшілік пен тыныштық, азаматтарымыздың әл-ауқаты – басты құндылықтар.

Әрбір мемлекеттік қызметші өз учаскесінде жерлестерінің әл-ауқатын нығайту және өмір сүру сапасын жақсарту үшін бәрін жасауға міндетті. Осы аспекті бойынша біз де шетте қалмауға тырысамыз.

Өздеріңіз білетіндей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылған сәттен бастап бүкіл Агенттіктің жұмыс форматы уақыт талабына сай жетілдірілуде.

Екі жыл бұрын ғана, уәкілетті органның негізгі күш-қуаты құқықтық ықпал етудің тек жазалау және репрессивтік шараларына жұмысалатын көрінді. Бүгінде біз Агенттік қызметіндегі акценттердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға біртіндеп және мүлтіксіз ауысып жатқандығына куәміз. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себеп-салдары мен жағдайларын жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау, сондай-ақ әкімшілік кедергілер мен артық бюрократиялық рәсімдерді қысқарту шаралары.

Сонымен бірге, біз әлемді жұтқан «COVID-19» вирусымен күресудің қиын кезеңінде де шеттен қарап қалмауды борышымыз деп шештік.

Осы уақытқа дейін еліміздің жекелеген аймақтарында арам шенеуніктердің жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде, елмен арпалысып өз қалталарын толтыруға тырысулары ақылға сыймайды. Келісесіздер ғой, бұл мәселені тек тұтқындаумен шешу мүмкін емес.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл облыстық департаменті жанынан жұмыс тобы құрылып, оның мүшелері дәрі-дәрмектерге шекті бағаны көтеру мәселелері бойынша облыс дәріханалары төңірегінде күнделікті түрде мониторинг жүргізеді.

Топ құрамына облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар кірді. Петропавл қаласы бойынша 8 бригада құрылды, оның әрбір мүшесі республикада ең тапшы болып саналатын дәрілік препараттардың тізбесі туралы хабардар етілді.

Мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіру үшін прокуратура органдарының бастамасы бойынша Ахуалдық орталық құрылды, ол облыс әкімінің өкіміне сәйкес күн сайын коронавирустық пандемияға қарсы іс-қимыл бойынша жағдайды қадағалап, талдайды. Орталықтың қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, құқық қорғау құрылымдары мен қадағалау ведомствосының өкілдері белсенді қатысуда.

Осылайша, бүгінгі таңда 7 көтерме жеткізушілердің 5-і басқа қалалардағы орталық кеңселері арқылы («Медсервис плюс» ЖШС, «Аманат» ЖШС, «СтоФарм» ЖШС, «Гелика» ЖШС, «Medcine» ЖШС) препараттар мен медициналық өнімдерді жеткізу бойынша қызметін жүзеге асыруда, 2 көтерме жеткізуші («GreenLine» ЖШС және «Фарм Медика Саудасы» ЖШС) өздігінен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға тапсырыс беріп, дәріханалар желісіне сатады.

Әрбір көтерме жеткізушімен облыс аумағына жоғары сұранысқа ие дәрілік заттарды әкелу мәселесін талқылау бойынша жеке кездесу өткізілді. Облыс әкімі Қ. Ақсақаловтың шешімі бойынша халыққа дәрі-дәрмек сатып алуға облыстық бюджеттен қосымша 200 млн теңге бөлінді.

Бірлескен әрекеттің арқасында өңірге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды кедергісіз жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Келіп түскен гуманитарлық көмек облыстың медициналық мекемелері арасында бөлінеді. Өз құзіретіміздің аясында осы жұмысқа біз де қосылдық. Гуманитарлық көмекті сатылымға шығуны жол бермеу үшін әр өнімге «Тегін. Сатуға болмайды» мөрін бастырудамыз.

Қалыптасқан жағдайды мониторингілеу барысында Ахуалдық орталық мүшелері және Лидер.kz қозғалысының еріктілері облыстың барлық провизорлық және инфекциялық стационарларын аралап шықты. ӨЖЖ аппараттарының, оттегі концентраттарының, медициналық препараттардың болуы тексерілді. Қосымша сатып алу үшін бар қажеттіліктерді анықтап, баяндадық.

Қоғам өкілдері мен еріктілердің игі іске араласуы – олардың жеке ерлігі мен жанқиярлығының көрінісі екенін атап өту өзімнің парызым деп санаймын.

Қазақстан ешқашан осындай жомарт, батыл адамдардан кенде болмаған. Әрқашан, барлық уақытта біз күш-жігерімізді біріктіре отырып, кез-келген нәубетке қарсы тұрдық. Бұл қалыптасқан дәстүрлерге негізделген және біздің халқымыздың қанында, оның генетикасында орын алған.

Бұдан бөлек, азаматтық қоғам көбінесе мемлекеттің тұрақты іс-қимыл алгоритмі жоқ жаңа, белгісіз міндеттерді тиімді атқарады. Пандемия кезінде біз бей-жай қарамайтын адамдардың біртұтас, атомизацияланбаған қоғамына айналдық.

Қиын жағдайға қарамастан, біз өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған ақпараттық жұмыстарды жүргізуге де уақыт табудамыз. Жастардың құқықтық санасын арттыру және адамгершілігін нығайту үшін дәстүрлі әдістер ғана емес, сонымен қатар мәнерлі тәсілдер де қолданылады.

Мысалы, бүкіл әлем мойындаған ұлы ойшыл Әл-Фарабидің мерейтойына арналған «Адалдық сағаты» бейне-дәрісі әзірленіп, өткізілді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.

Бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуден басқа, мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік кедергілерді жою бойынша бизнес өкілдеріне көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы белсенді іске асырылуда. Аталған жоба уақытша және біздің ойымызша, жақын арада оның қажеттілігіне жүгінбейтін боламыз. Себебі біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміздің адалдығы мен сатылмайтындығы пайдакүнемдік ниеттен басым болады.

Департаменттің негізгі жобаларын іске асыру бойынша жұмыс белсенді түрде күшейтілуде. Атап айтатын болсам, «Қызылжар - адалдық алаңы», «Адал көмек», «Адал жол», «Сапалы жол» және Арнайы мониторингтік топтар мен т.б.

Осылайша, бізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында қоғам мен мемлекет арасында сындарлы диалог құру бойынша жаңа кезең басталды.

Мұның бәрі бір тізбектің байланыстары, мұнда әр элемент маңызды және қажет. Біздің негізгі идеяларымыздың бірі сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам құруға бағытталған күш-жігерді біріктіру болып табылады. Адамдарға өздерінің азаматтық құқықтарын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер беру, адалдық пен парасаттылық идеяларын ілгерілету қажеттілігі туралы біздің үндеуіміз бір реттік акция болып қалмай, өмір нормасына енген кезде оларды пайдалануға және сындарлы түрде іс жүзінде қолдануға үйрету.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу бойынша міндеттері бар екенін ұмытпауымыз керек.

Естеріңізге сала кетейін, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 54 қылмыс тіркелген, оның ішінде 37 немесе 69% сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша. Өндіріспен 84 қылмыстық іс аяқталып, 36 іс сотқа жіберілді.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал 458,2 млн. теңгені құрады, оның 98,6% өтелді (451,8 млн. тг.). Мемлекеттік органдардың 5 бірінші басшысы әшкереленді.

Бұл бағыттағы жұмыстар да күшейтілетін болады, бұл туралы алқа отырысында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев хабарлаған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша кірісу қажеттігін атап өтті. Осы тұрғыда қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет цифрлық даму және білім беру министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты 2 қылмыстық істі тергеуде екенін хабарлағым келеді.

Сонымен қатар, азаматтар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру кезінде халық ақшасын «талан-таражға» салудың уақтылы алдын алу және жолын кесу үшін толық бақылауды талап етеді. Бұл жерде тиімді алдын алу шарасы ретінде толыққанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудитті атап өтемін. Өйткені ол ықтимал ұрлық пен теріс пайдаланудың алғышарттарын болдырмауға мүмкіндік береді. Осылайша, біз алдын алу кеңістігінде де, сондай-ақ жедел-тергеу жолымен де мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеуді қамтамасыз етуге ниеттіміз. Мұның бәрі Мемлекет басшысының кезекті мемлекеттік бағдарламаның беделін түсіруге жол бермеу туралы тапсырмасымен толық сәйкес келеді.

Біздің күшіміз – бірлікте!

 

Ернар БАЯНҒАЗИН – Қазақстан Республикасының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

департаментінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив