Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу – әрбір азаматтың ісі

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу – әрбір азаматтың ісі

 

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында сот қызметкерлерімен семинар өткізілді.

Іс-шара  барысында, аталған тақырып бойынша кеңсе бас маманы Г.Курбанова баяндама оқып, сыбайлас жемқорлық елдің инвестициялық тартымдылығы мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтіндігін атап өтті. Сот жүйесінде  сыбайлас жемқорлыққа  қатысты құқықбұзушылықтың  алдын алу ҚР Жоғарғы Соты қызметіндегі басты бағыттарының бірі екендігін айтып, судьялар корпусы мен сот қызметкерлері қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қойылған міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұдайы жүргізілетіндігіне тоқталды, сондай-ақ, ол жедел әрекет ету  мақсатында «сенім телефоны» жұмыс істейтіндігін тілге тиек етті. Сонымен қатар «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Онымен күресу бүкіл қазақстандық қоғамның маңызды міндеті », - деп атап өтті.

Іс-шара барысында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз ету шаралары, жемқорлықтың себептері мен салдары, онымен күресу жолдары жөнінде талқыланды.

            Сондай-ақ, шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұруды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша, әрбір мемлекеттік мекеменің қызметкері, мемлекеттік мекемелердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнама мен басқа да нормативті-құқықтық актілерінің талаптарын ғана орындамай, өздігінен құқыққа қарсы шараларды болдырмауы керек деген пікірге келді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив