Медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам заңбұзушылық анықтады

Медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам заңбұзушылық анықтады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам түрлі заңбұзушылық анықтады, медициналық ұйымдарға 4,6 млрд теңге айыппұл салынды.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бекітілген стандарттар сақталмай көрсетілген медициналық көмек көлемі  3 есе көп, ал 2019 жылдың 1 жартыжылдығында салынған айыппұл 2,7 млрд теңге еді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек көрсету сапасына тұрақты түрде мониторинг жасайды.

Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтер үшін қаржыны көрсетілген медициналық көмектің бекітілген стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілгеннен кейін төлейді. Сапа мониторингі ақпараттық жүйелерді пайдаланып, қашықтықтан жүргізіледі де, осылайша "адами факторды" барынша азайтады. Медициналық сақтандыру қоры амбулаториялық-емханалық деңгейден стационарға  дейінгі аралық мониторингті қоса алғанда, процестерді автоматтандыру ісін жалғастыруда.

Қор медициналық көмектің сапасын сараптау тәсілдерін жетілдіріп, қиын жағдайлардың мониторингі бойынша тәжірибе арттыруда. Қор мұндай жұмысты күн сайын және тұрақты негізде жүргізеді. Салынған айыппұлдар қайтадан медициналық қызметтерге төленетін ақы ретінде пайдаланылады.

Заңбзушылықтар арасында көбінесе жалған тіркеу жиі кездеседі. Жарты жыл ішінде қор сарапшылары 11,6 мыңнан астам көрсетілмеген қызметтерді анықтады, олар ақпараттық жүйелерге енгізілді. Осындай заңбұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 75,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, сарапшылар көмек көлемін қолдан көтеріп, аурудың диагнозын  ауырлатып көрсеткен,  ауруханаға жатқызудан және медициналық көмек көрсетуден бас тартқан, пациенттер іс жүзінде алмаған медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды тіркеген, бір реттік құралдарды қайта қолданған жағдайларды анықтады. Әсіресе өлім-жітім мұқият тексеріледі. Медициналық сақтандыру қоры кейбір факті бойынша материалдарды одан әрі шаралар қабылдау үшін өңірлік прокуратураға береді.

«Медициналық ұйым Қордың жеткізушісі ретінде бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетуге және пациентті өзіне тиесілі қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушыларды тартады. Егер көмек толық көлемде немесе сапасыз көрсетілсе, Қор медициналық ұйымға айыппұл салады. 2019 жылы ақпараттық жүйелерге жалған мәліметтер енгізгені үшін салынған айыппұл мөлшері көрсетілген қызмет құнынан 3 есе өсті», – деп түсіндірді ӘМСҚ медициналық көмек көрсету сапасын бақылау департаментіндегілер.

 Қазір жұрт әлеуметтік желілерде  медициналық ұйымдар «жалған тіркеген» фактілерді белсенді түрде жазып, талқылауда. «Біз жеткізушілер арасындағы заңбұзушылықтарды  жоюға мүдделіміз. Сондықтан азаматтардан  әділетсіз жағдайлар жайлы  хабарлауларын сұраймыз. Қор пациенттерден келген  әрбір ресми өтініш бойынша шара қабылдайды», - деді медициналық сақтандыру қорындағылар.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе  Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы  хабарласу қажет.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив