МСҚ елордалық медицина ұйымдарына халыққа көрсеткен  медициналық қызметтері үшін 84,4 млрд теңге төледі

МСҚ елордалық медицина ұйымдарына халыққа көрсеткен медициналық қызметтері үшін 84,4 млрд теңге төледі

 

            «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 761 млрд теңге төледі. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде бөлінді.    

«2019 жылдың 25 қарашасындағы мәліметтер бойынша, Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен келісімшарт жасаған жеткізуші компанияларға 84,4 млрд теңге төленді. Бұл тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде жасалған келісімшарттардың жалпы сомасының 81,6 % пайызын құрайды», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен келісімшартқа отырып, тапсырыс алып жатқан, соның ішінде емхана қызметіне қызығушылық танытып отырған жекеменшік клиникалар саны артып келеді. Биылғы жылы елордалықтарға мемлекеттік тапсырыс аясында медициналық қызмет көрсету үшін Қормен келісімшарт бекіткен 106 медициналық ұйымның  71-і, яғни 68,9%-ы жекеменшік.

Жалпы, 2019 жылы кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге мүдделі медицина ұйымдарымен 103,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалды. 2019 жылы ТМККК қаржыландыру көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 12,7 %-ға артық.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ – тегін медициналық кепілдендірілген  көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы.

Медициналық сақтандыру жүйесі – медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімдігінің кепілі.

 

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив