Дәрі-дәрмектерді жеткізуде «соңғы миляны» бақылау жөніндегі шаралар

Дәрі-дәрмектерді жеткізуде «соңғы миляны» бақылау жөніндегі шаралар

 

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларының, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығының және өңірлерге дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын логистикалық компаниялардың қатысуымен өткен шұғыл онлайн-кеңес барысында өңірлерге дәрі – дәрмектердің түсуін жылдамдату, гуманитарлық көмекті есепке алу, сондай-ақ жергілікті жерлерде кездесетін проблемалар -жергілікті жерлерде коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер талқыланды. «СҚ-Фармация» Басқармасының төрағасы Ерхат Искалиев қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияны емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің айлық қорын жедел жөнелту жүріп жатқанын хабарлады.

Қазір «СҚ-Фармация» ақпараттық жүйесінде өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына дейін КВИ бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізу көрініс табуда. «Қызыл аймақтарды» анықтау және оларды қолмен атқару режимінде өңдеу және әрбір ауруханаға барынша қажетті препараттарды жедел жеткізу үшін әрбір «операциялық күннің» қорытындысы бойынша есептілік жүйесі қалыптастырылды. Бұл есеп күнделікті негізде «СҚ-Фармация» тарапынан денсаулық сақтау басқармасына жеткізу бөлігінде де, сондай – ақ әкімдіктер тарапынан - әрбір ауруханада және коронавирустық инфекциямен күреске тартылған провизорлық орталықта дәрі-дәрмектердің болуы бөлігінде де жасалатын болады. Есеп жағдайдың кез келген өзгеруіне және «қызыл аймақтардың» пайда болуына, яғни жедел және шұғыл қажеттіліктерге икемді және барынша тиімді әрекет етуші және әрбір операциялық күн үшін ауруханалардың қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуін және логистика жұмысының тиімділігін көрсететін болады.

Мұндай модель өңірлердің болжамдық жоспарлау процесін жолға қоюға көмектеседі. Ауруханаларды дәрі-дәрмектермен уақтылы қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді жеткізушілер қажетті көлемдерді уақтылы жеткізуі немесе өндіруі үшін біраз уақыт қажет болғандықтан, өңірлердің препараттарға деген қажеттіліктерін дұрыс болжау маңызды болып табылады.

Кеңес қорытындысы бойынша құрылған жедел топ, оған барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ логисттер және «СҚ-Фармация» басшылығы енгізілген, жедел топ барлық туындаған өткір мәселелерді, «Қызыл аймақтарды» тұрақты негізде жария ететін болады. «СҚ-Фармация» өз тарапынан қажет болған жағдайда жеткізуді жылдамдату үшін - келіп түсетін дәрі-дәрмектерді бірден ауруханаларға тиеп жеткізу, шаттлдар санын арттыру немесе аса қажет дәрі-дәрмектерді авиакөлікпен жеткізу үшін барлық шаралар қабылданатынына сендірді.

 

 

СҚ-Фармация Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив