2018 жылы медициналық ұйымдарды дұрыс жоспарламау салдарынан 7,3 млрд. теңге көлемінде қайтарылды

2018 жылы медициналық ұйымдарды дұрыс жоспарламау салдарынан 7,3 млрд. теңге көлемінде қайтарылды

Халықтың көші-қоны 3,9 млрд.теңге сомасында және диагноз бен емдеу схемасының өзгеруіне байланысты 4,3 млрд. теңге сомасында дәрі-дәрмектен бас тартуға әкелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында "СҚ-Фармация" басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.

Ол, сондай-ақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында медициналық ұйымдарға Бірыңғай дистрибьютор тарапынан 95 млрд.теңге сомаға дәрі-дәрмекдің жіберілгенін, 87,2 млрд. теңге сомаға рецептермен қамтамасыз етілгендігін айтты. Медициналық ұйымдардан бастапқы өтінімдер бойынша сатып алу 117,5 млрд.теңге сомасына жүзеге асырылған. 2018 жылы стационарларға 74,3 млрд.теңге сомаға дәрі-дәрмек жөнелтілген.

2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмек тізімі 2018 жылмен салыстырғанда 108 атауға артқан. 2019 жылға сатып алу 178,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде: диспансерлік есепте тұрған науқастар үшін – 91,1 млрд. теңге, стационарлар үшін – 87,6 млрд. теңге. Қазіргі уақытта рецепт бойынша дәрі-дәрмектер тек 46,5 млрд.теңгеге берілгеніне қарамастан, қазірдің өзінде, стационарларға 55,4 млрд.теңге, ал амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 66,2 млрд. теңге сомасында дәрі-дәрмек жөнелтілген. Осылайша, қазір медициналық ұйымдардың қоймаларында 19,7 млрд. теңге сомаға препараттар қоры бар.

Берік Шәріп атап өткендей, Бірыңғай дистрибьютор тізімінде шекті бағаның 40% - ға төмендеуін ескере отырып, 2019 жылға сатып алу кезінде 22,1 млрд.теңге үнемделген.

Өз сөзінде ол ең шығынды ауруларды да атап өтті. Осылайша, қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмекке 17 млрд.теңге жұмсалған, гемофилиясы бар емделушілерге 8,1 млрд. теңге сомасында дәрі-дәрмек сатып алынған. Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттарға 7,8 млрд.теңге, артериялық гипертензияны емдеуге – 5,8 млрд. теңге, гематологиялық ауруларды емдеуге – 4 млрд. теңге жұмсалды. Бұл ретте, тегін қамтамасыз етілетін науқастардың ең көп саны (47%) артериялық гипертениямен ауырады, 17% – қант диабеті және Қазақстанда диспансерлік пациенттердің жалпы санының 15% - ы жүректің ишемиялық ауруы бойынша есепте тұр.

Сондай-ақ, "СҚ-Фармация" басшысы бірінші жартыжылдықтағы 1439 қысқа нөмірі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі байланыс орталығының жұмысын қорытындылады. Осы уақыт ішінде 28 064 қоңырау келіп түсті, оның ішінде 6191 қоңырау (22%) шағымдарды құрады. Барлық негізделген шағымдар пысықталып, емделушілер өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив