Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жабу

Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жабу

Салық төлеуші (салық агенті) жеке шотын жабу келесі тәртіпте жүргізіледі:

      1) заңды тұлға, құрылымдық бөлімше – заңды тұлғаны Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінен алып тастаған және құрылымдық бөлімшені есептік тіркеуден алған кезде уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерінің негізінде жүргізіледі;

      2) дара кәсіпкер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алған кезде салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі;

      3) жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор - жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен алған кезде, тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі;

      4) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға, тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға - Салық кодексінің 78-бабының 1-тармағында қарастырылған негіздер бойынша;

      5) жеке тұлға:

      салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге құқықтарды тоқтатқан кезде – растау құжаттарын қоса бере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде; Қазақстан Республикасынан тұрақты мекенжайға шыққан кезде – орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерінің негізінде; сот шешімінің күшіне енуіне байланысты қайтыс болу немесе қайтыс болды деп жариялау себебінен - уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерінің негізінде.

      Ағымдағы жылдың аяқталуына қарай есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке алынған, қайтарылған сомаларының нәтижелері шығарылғаннан кейін есеп айырысу сальдосы алдағы жылдың жеке шотына аударылады.

6) Салық кодексінің 85-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеуші - ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған күннен кейін Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап арыз қою мерзімінің өтуіне қарай. Көрсетілетін қызметті алушы жеке шотын жабу салық есептілігі бойынша бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға жасайтын және есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға Салық кодексінің 429-бабының 8-тармағында көзделген мерзім болғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етілетін есептеу тізілімнің негізінде жүргізіледі.

 

Алматы ауданы бойынша салық басқармасы

Орын. Дюсембаева А.Т

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив