Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды, ҚР Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Кодексінің 85 бабына сәйкес,

  1. Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті орналасқан жеріндегі салық органына, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

1) егер салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының

4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса;

2) егер мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бергі кезеңі үшін салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан аспаса, беруге құқылы.

Осы тармақтың ережесі өздеріне қатысты банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қолданылмайды.

  1. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтiнiшке қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
  2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органдары осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күн болып табылады.

Салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан мынадай:

1) салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен;

2) мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың                1 қаңтарынан бергі кезең үшін салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшері осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайларда, бас тартады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынған салық төлеушілерге қолданылмайды.

Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойдыру арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

  1. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару, салық төлеушіні хабардар етпестен, мынадай:

1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткен соң ұсынбаған;

2) жазбаша түсінік ұсыну үшін осы Кодекстің 70-бабы                                                         5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;

3) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;

4) заңды күшіне енген сот  шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз  деп танылған;

5) заңды күшіне енген сот  шешімінің негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған;

6) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер:

әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

іздеу салынған жеке тұлға;

болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі өткен шетелдік-жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам;

әрекет етпейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

әрекет етпейтін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған;

7) осы Кодекстің 91-бабындаайқындалған тәртіппен салық төлеуші әрекет етпейтін деп танылған жағдайларда, жүргізіледі.

  1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жеріндегі салық органы:

1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың                                                 4-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

Осы баптың 4-тармағы6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;

2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

3) осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап;

5) салық органы соттың заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

  1. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:

1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;

2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында аталған тұлға                үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеуші органда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған қайта тіркелген күннен бастап;

4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың                              4-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы                                                6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

  1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда – осы Кодекстің 58, 60, 65 және 66-баптарында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш не қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;

2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – таратудың салықтық есептілігі және беру актісі ұсынылған күннен бастап;

3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 64-бабында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;

4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 78-бабының 1-тармағында айқындалған тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тасталған күннен бастап жүргізіледі.

  1. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.
  2. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

  

Д.М. Шаденов

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілерді тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу

орталығының бөлім басшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Desiree 26 января 2024 14:55

    Hi there, I found your website via Google while looking
    for a related subject, your website came up, it seems good.
    I have bookmarked it in my google bookmarks.
    Hello there, just changed into aware of your blog via Google, and found that it is really
    informative. I am gonna watch out for brussels. I will be grateful if you continue this in future.

    Many other people will likely be benefited out of your writing.
    Cheers!

    Look at my blog post; furadantin bez potrzeby recepty

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив