АҚМОЛАДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҰБТ ТАПСЫРУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ШЫҒАРЫЛДЫ

АҚМОЛАДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҰБТ ТАПСЫРУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ШЫҒАРЫЛДЫ

 

21 маусымда бүкіл республика бойынша мектеп оқушылары өміріндегі басты оқиғалардың бірі - ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық аймақтарында жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына байқаушылар ретінде арнайы мониторинг топ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері және Агенттік қызметкерлері кірді.

Бұл топтың негізгі мақсаты тестілеудің «тазалығын» бақылау болып табылады. Байқаушылардың барлық аудиториялар бойынша бейнебақылау мониторын қарау мүмкіндігі болады, қажет болған жағдайда аудиторияға кіруге және болуға құқықтары бар, және қандай да бір сәйкессіздіктер немесе тестілеуді адалсыз тапсыру жағдайлары анықталғанда, олар бұл туралы жауапты тұлғаларға хабарлауға міндетті.

«Аралық мониторинг барысында аудиторияға кіру кезінде 8 жоюдың фактісі, тестілеу кезінде аудиториядан шығару 3 фактісі анықталды. Себептер – тыйым салынған заттарды алып өтуге және қолдануға тырысу, ҰБТ өткізу ережелерін бұзу. Сонымен қатар, мониторинг облыстың кейбір аймақтарындағы ҰБТ - дағы тәртіп ережелері туралы түлектердің жеткіліксіз ақпараттандырылуын, сондай - ақ жекелеген аудиторияларда бейнебақылау сапасының төмендігін көрсетті», - деп атап өтті «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, жұмыс тобының мүшесі Самира Тайтенова.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті оқушыларды оқушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып, тест тапсыруға шақырады, ал ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді. Егер азаматтар осындай жағдайға тап болса, 1424 Call-орталыққа қоңырау шалу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында тестілеу 11 пункт базасында өтуде, оның 3-еуі - Нұр – сұлтан қаласында, 8-еуі - өңір аумағында. Ағымдағы жылы облыстың 4515 түлегі оқуын аяқтаған, оның ішінде 3718 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив