Заң жобалары бойынша ғылыми-құқықтық сараптаманы ғылыми ұйымдар емес, Тізілімдегі сарапшылар жүргізетін болады

Заң жобалары бойынша ғылыми-құқықтық сараптаманы ғылыми ұйымдар емес, Тізілімдегі сарапшылар жүргізетін болады

 

Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Нормашығармашылық қызметін жетілдіру мақсатында заң шығару процесінің жаңа сатыларын енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді.

Атап айтқанда, кез келген проблема, бірінші кезекте, жұртшылықпен талқыланатын болады және қоғамдық талқылау нәтижелерін алғаннан кейін ғана әзірлеуші заң жобасының болу немесе болмауы мәселесін шешеді.

Бар проблема бойынша барлық талдау және қоғамдық талқылау нәтижелері жеке құжатта көрініс табуы тиіс. Бұл құжат жұртшылықтан кері байланыс алу және бекіту үшін жасалады.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алу негізінде ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге ұйымдарды тартудан бас тарту және Заңнама және құқықтық ақпарат институты жүргізетін тиісті тізілімнен нақты сарапшыларды тағайындауға көшу ұсынылады.

Бұл, өз кезегінде, әзірленіп жатқан НҚА жобаларының сапасын арттыруға ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір заң жобасы Парламенттің қарауында.

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив