Азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін мемлекет 52 500₸ дейін төлейді

Азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін мемлекет 52 500₸ дейін төлейді

 

Мемлекет бір жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсингтік қызмет көрсетуге ниет білдірген компаниялар мен жеке тұлғаларға 35 мыңнан 52,5 мың теңгеге дейін қаржы төлеуге дайын

Екі жылдан бері мемлекет жұмыс іздеу және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсингтік қызмет көрсететін жеке HR-агенттіктерді тартуда. Жұмысқа сәтті орналастырылған әрбір адам үшін 35 мың теңгеден  52,5 мың теңгеге дейін төленеді. Бірақ көптеген адамдар тіпті жеке тұлғалар осылай табыс табуға болатынын білмейді.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес аутсорсингтік қызмет көрсетуге қатысатын үміткерлерге бірдей талаптар қойылады. Заңды және жеке тұлғалардың тиісті жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ қажетті материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс. Ал, жеке тұлғалардың тек бір ғана жалдамалы қызметкері және Жеке кәсіпкерлік туралы тіркеуі болса жеткілікті.

Аутсорсинг қатысушылары мемлекеттен бірқатар тиімді ұсыныстар мен артықшылықтарды ала алады:

- Мемлекеттік жұмыспен қамту орталығының мамандары жан-жақты қолдау көрсетеді;

- халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар туралы толық ақпарат береді;

- электронды форматта халықты жұмыспен қамту орталығымен аутсорсинг туралы шартты Электронды еңбек биржасында (www.enbek.kz) жасай алады;

- аутсорсингтік қызмет көрсету аясында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін кепілді төлем алады;

- «Электрондық еңбек биржасы» порталындағы бос жұмыс орындарынын шексіз пайдалана алады.

«Халықты жұмыспен қамту саласында аутсорсингтік қызмет көрсету жаңа бизнесті бастағысы келетіндерге тамаша мүмкіндік. Өйткені қатысу үшін аз қаржы жұмсалады. Шарт бойынша аутсорсингтік қызмет көрсететін агенттік немесе жеке кәсіпкер (ЖК) 30 жұмыс күн ішінде бос жұмыс орнын іздеп табуы керек. Аутсорсинг арқылы жұмысқа орналасқан азаматтар алты айдан кем емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс», - деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Жұмыспен қамту қызметін дамыту департаментінің директоры Ирина Рубашина.

Оның айтуынша, азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін мемлекет ақы төлеуге кепілдік береді. Тариф көлемі 35 000 теңгеден 52 500 теңге аралығында. Қаржы көлемі жұмыссыздың жұмысқа орналасу қиындығына және оның қала немесе ауылдық жұмыспен қамту орталығында тіркелген орнына байланысты болады.

«Аутсорсингтік қызмет көрсететін компаниялар не жеке тұлғалардың тіркелу орнына ешқандай талаптар қойылмайды, яғни жеке агенттіктер бірнеше өңірлерде және аутсорсинг туралы бірнеше келісім шарт бойынша қызмет көрсете алады», – деп толықтырды И. Рубашина.

Аутсорсинг мәселелері бойынша жақын жерде орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның 8-7172-954317 телефоны арқылы (ішкі нөмір 392 және 384) немесе e-mail: d.toktarov@enbek.kzk.galym@enbek.kz  поштасы арқылы хабарласуға болады.

 

Аутсорсинг туралы келісім электрондық форматта жасалады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жан-жақты консультациялық қолдау көрсетеді және жұмысқа орналастыру үшін қажет жұмыссыздар туралы толық ақпаратты ұсынады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив