МӘМС жүйесінде әлеуметтік мәртебені анықтау жолдары

МӘМС жүйесінде әлеуметтік мәртебені анықтау жолдары

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді болады. Бұл уақытқа дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің ақысын төлейтін қаржы операторы міндетін атқаруды жалғастырады.

Астаналық медициналық сақтандыру Қоры филиалының ди⁠ректоры Н.Қабдықапаровтың айтуынша, қазіргі таңда МӘМС үшін аударымдарды жұмыс берушілер өздерінің жұмысшылары үшін ай сайын 1,5% мөлшерінде төлейді. Ал 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және басқа да еңбек түрлерімен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу үшін жарна төлей бастайды. Жарна мөлшері азаматтың мәртебесіне байланысты болады.

Әрбір азамат МӘМС жүйесінің қатысушысы бола отыра, жүйе аясында медициналық қызмет алу үшін өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтауы тиіс. Мәртебесі анықталмаған тұлғалар үшін МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер қолжетімсіз болады.

Әлеуметтік мәртебені анықтаудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, егер азамат бейресми жұмыс істейтін болса, онда ол жұмыс берушімен еңбек шартын бекітуі тиіс. Екіншіден, егер азамат табыс әкелетін қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын болса, онда салық органдарында тіркелуі қажет. Егер азаматтың табыс көзі болмай, жұмыссыз болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Орталықта азаматты жұмысқа орналастыру және кәсіби қайта даярлау бойынша қолдау көрсетіледі. Жұмыссыз мәртебесін алған азаматтар жеңілдігі бар санатқа жатқызылады. Олар медициналық сақтандыруды мемлекет тарапынан алуға құқылы.

МӘМС шеңберінде әлеуметтік мәртебені анықтау egov.kz электрондық порталында да қолжетімді. Ол үшін «Тексеру сервистері» бөлімінен «Әлеуметтік мәртебесін тексеру» қызметін таңдап, өзіңіздің ЖСН-ді теріп, өтініш жібересіз. Бұл ретте жауап қолма-қол қайтарылады. Қызметті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталға тіркелген жағдайда алуға болады.

 

Г. Жибекенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив