Отанын сүюге шақырған қаһармандар

Отанын сүюге шақырған қаһармандар

      Әр отбасын алсақ, Ұлы отан соғысына қатысқан туыстарының тарихы жеткілікті, Отанымызды қорғау үшін қайсарлықпен шайқасып, ерлік сан үлгісін көрсетіп қана қоймай, оны сүюге шақырған батырларымыздың тарихы мен тағдырлары туралы әр азамат жариялауға мүмкіндігі бар. Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енген.  

      Қазіргі ШҚО Аягөз ауданында Шынқожа батыр ауылында, Омарбеков Касым 1919 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. Сол ауылда «Төленді» мектебінен 6 сыныпта білім алып, колхоз жұмысына арласып, алғашқы МТЗ тракторын айдап, жер жыртып, егін салып, шөп шауып еңбек еткен. 1939 жылы жазда әскери борышын өтеуге аттанады.  Түрменияның Кушка қаласында 721  зенит артилерия дивизиясында әскери борышын өтеп, қайтуға аз күн қалғанда соғыс басталып 1941 жылы 22 маусымда, сол дивизиямен Украина жеріне соғысқа кірісіп кетеді. Соғыстың 1418 күні түнінің барлық қиыншылығы мен ауыртпашылығын көреді. 1943 жылы шілдеде Коммунистік партия қатарына өтеді. Жердің сазында, қарда өз қаруларын сүйрей жүріп, жау самолеттерін нысанаға алып атып, кейде өздері жау ұшағының оғының астынан аман шығып, ұрысты жалғастырады. Аяқтары су болып, етіктерінің іші суға толы болса да алға қарай жылжып, соғыстан небір сұрапыл шақтарын басынан өткізеді. Майданда көрсеткен ерлігі үшін:  «Даңқ» ордені 3 дәрежелі, «Ерлігі үшін» Германияны жеңгені үшін медальдармен марапатталады. Неміс фашистерін жеңгеннен кейін, Жапонияны талқандау үшін «Квантунь»  армиясына қарсы шайқасып ары қарай  Қытай жеріне өз әскери бөлімшесімен 1-ші Қиыр Шығыс майдандары іскерлерінің құрамында шайқасуын жалғастырады. «Жапонияны жеңгені үшін» медальмен марапатталады.  1985 жылы «Отечественная война» орденімен, «Кеңес Одағының батыры Г.К.Жуков» медальімен 1997 жылы, 1979 жылы «Еңбек ардагері» медальімен, Тың жерлерді игергені үшін 20 жыл, 30 жыл, 40 жылдығы медальдарымен сонымен қатар жеңістің 55 жылдығында «Соғыс ардагері» белгісі берілді. Қиыр Шығыстан соғыс аяқталып 1946 жылы қазан айында ауылға оралады. Сол кезден еңбекке араласып трактор, комбайн айдап, қыста мал бақты.  Отбасында 7  баласы болып, олар оқып көз алдына шаңырақ құрды. Олардан, 28 немере, 8  шөбере көріп 2004 жылы сәуірдің 21-де дүниеден өтеді 

        Соныме қатар, сержант Кашаев Қабікен Кашаевич  1907 жылы қазіргі ШҚО Аягөз ауданының Шынқожа батыр ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасынан білім алып, 1939 жылы  Балхаш педагогикалық училищесіне түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шыққан. Сабақ үлгісі жақсы болған, тек ән сабағынан ғана төрт шыққан. Қазақ, араб, орыс тілдерін жақсы меңгерген. 1940 жылы Алматы облысы, Балхаш ауданында Балхаш аудандық әскери комитетінде 187  атқыштар дивизиясында әскери борышын өтеп жүргенінде 1941 жылы соғысқа аттанып кетеді. Сталинград түбінде шайқаста сержант Кашаев Кабыкен Кашаевич отряд құрылғалы бері тәртіпті, үлгілі, бөлімше командирі болған. Берілген бұйрықтар мен тапсырмаларды өз жауынгерлерімен біріге отырып тиянақты орындаған. Тапсырмаларды орындап жүргенінде ерекше көзге түседі. Неміс солдат-офицерлерін тұтқындаған үшін, тапқырлығы мен батылдығының арқасында «За боевые услуги» «әскери қызметі» үшін медальімен марапатталды. Екі рет жараланады. Өзінің отан алдындағы борышын адал атқарып, талай ұрыстарда қан майдандарда жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша аянбай жаумен айқасты. Талай рет жараланып емделген соң, қайтадан қатарға тұрып, жеңіске дейін күн-түн демей жаудан отанын қорғады. Басшы құрам Қабікенді өжеттілігі мен тапқырлығы үшін жақсы бағалаған. Соғыстың бітуіне төрт күн қалғанда  1945 жылы жүрек түбіне оқ тиіп, госпитальге түседі. 1946 жылы еліне қайтып, отбасын құрады. Соңғы кезде ауылдың мектебінде  мұғалім болып жұмысын атқарып жүргенінде, оқ тиген жері мазалап, ауырып 1955 жылы дүниеден өтеді. Қазіргі таңда атамыздың 3 баласы, 11 немересі мен 23 шөбересі бар.      

Кашаев Қудайбергенч  1911 жылы қазіргі  ШҚО  Аягөз ауданының Шынқожа батыр ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанып, қайтіп оралмаған.

       Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Аталарымыздың марапаттары мен алғыс хаттары, ерлік үшін медальі, осының бәрі айқын дәлел. Ұлы Отан соғысында талай қазақ батыр ұл-қыздары қан майданда келешек ұрпақ пен болашақ үшін жан алысып өздерін құрбандыққа шалған. Біз осы ата-апаларымыздың ерлігін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру біздің ата-апаларымыздың алдындағы борышымыз - Нұр-Сұлтан қаласындағы Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы  атындағы нөмірі 76 мектеп лицейінің 8 «Ғ» сынып оқушысы, шөбересі- Қантұлы Алимжанның берген сұхбатында.

 

 

 Жатканбаева M.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

5 пікір

  1. аватар
    Bernard 26 августа 2023 00:40

    A person essentially assist to make critically posts I'd state.

    That is the very first time I frequented your
    website page and up to now? I amazed with the analysis you made to make this particular post amazing.
    Great process!

    My webpage ... Anthony

  2. аватар
    Damien 9 октября 2023 22:00

    This design is incredible! You certainly know how to
    keep a reader entertained. Between your wit and
    your videos, I was almost moved to start my own blog (well,
    almost...HaHa!) Fantastic job. I really loved what you had to say, and more than that,
    how you presented it. Too cool!

    Here is my web-site ... Bart

  3. аватар
    Dean 5 февраля 2024 07:17

    Greate post. Keep writing such kind of info on your
    page. Im really impressed by your blog.
    Hi there, You've done an incredible job. I'll certainly
    digg it and for my part recommend to my friends. I am sure they'll be benefited from this website.


    Feel free to visit my blog post - comprar aronix en Bolivia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив