«Жасыл ел» жастардың еңбегімен ел көркін арттыру

«Жасыл ел» жастардың еңбегімен ел көркін арттыру

         «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған үндеуінде мемлекеттік маңыздағы жолдар мен үйлер құрылысы жұмыстарына қатысуға дайындығын мәлімдеді. 2020 жылғы 27 сәуір күні Қазақстан жастарының конгресі мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы атынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ресми үндеу жолдады.        Ресми сауалға Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл пайдалануға берілетін республикалық маңыздағы жолдар көлемін арттыру туралы хабарлады. Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс маусымын уақытында бастауды, құрылыс қарқынын жеделдету мен жоспарланған тұрғын үй көлемін уақытылы пайданалуға беруді тапсырған.
       Айта кетсек, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша «Жасыл экономиканы» дамыту, қоршаған ортаның құрамдауыштары мен денсаулыққа антропогендiк әсер етудi төмендету, табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiн дамыту және жетiлдiру.  «Жасыл экономикаға»  ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізу, таза болашақты құруға қадамдар жасау.  Тек жастар ғана емес, әр Қазақстан азаматы  табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасты болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса алады. Еліміздің болашағы «Жасыл ел»  жасампаз жастардың парызы болмақ. Жастарға қарап ертеңгі күннің, болашақтың қандай болатынын болжай отыра, олардың қызығушылығын қоғам игілігіне бұру, жастарды ел ісіне арластыру және жастар саясатын қолға алу. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабы мен өңірлердегі штабтардың жұмысын жетілдіру мақсатында жұмыс жүйесін жаңғырту шараларына кірісіп кетті. Яғни,  келер жылдары «Жасыл ел» штабтарының қызметкерлері үшін , сарбаздар үшін  оңтайландырылған жұмыс жүйесіне көшетін болады.      Сонымен қатар, биыл «Жасыл ел» қозғалысының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осыған орай, JAS ORMAN, JAS FERMER сынды экология және ауылшаруашылығы салаларындағы жаңа жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Елімізде орын алған соңғы жағдайларға байланысты жылдың басындағы жұмыс жоспарымызға өзгерістер енгізіліп жатыр. «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасын жастарды ауылдар мен елді-мекендерді абаттандыруға жұмылдырған өткен онжылдықтың ауқымды жобасы деп есептеуге болады. Эстафетаға тек жасылелдіктер ғана емес, сондай-ақ республикалық және өңірлердегі жастар ұйымдары мен белсенді жастар қатысып, ауылдарды абаттандырумен қатар көгалдандыру жұмыстарын жүргізген. Марафон-эстафета бастау алған жылдың өзінде-ақ ауылдардың дамуына үлес қосқысы келген 600 000-нан астам жастар біріккен. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік жолы – Ұлы Жібек жолының жаһанданып, қазіргі заманға лайықталған баламасы. Мыңдаған жасылелдіктер көлік дәлізінің құрылыс жұмыстарымен қатар, жоспарланған магистраль айналасын көгалдандыру жұмыстарына да қатысқан. Алғашқылардың бірі болып «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мен «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарына жұмылдырылғандар қатарында Жасыл ел сарбаздары болған.
        2005 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары құрылған уақыттан бері біздің қозғалыстың қатысушылары қалалар мен елді-мекендерді көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен айналысып, өздерін нағыз экологияның жанашырлары ретінде көрсетті. Жасылелдіктер түрлі бағыттағы жұмыстарды аса жауапкершілікпен атқарып, мемлекеттік маңыздағы жұмыстар мен шараларда нағыз патриоттықтың үлгісін көрсеткендіктен, қозғалыс қатысушыларын «сарбаздар» деп атау орынды саналады. «Өңірлердегі жастар еңбек жасақтарының мемлекеттік маңыздағы құрылыс жұмыстарына қатысуы жастардың өздеріне жаһандық міндеттер артып, қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті сезіне алуына ынталандырады», -  Азамат ДАНИЯР, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабының жетекшісінің сұхбатында.

Еңбекке жастан- өнерге бастан дегендей жастарды елдің дамуына, өркендуіне, тайсалмай еңбек етуіне, кез -келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауына шақырамыз.

 

Мадина Жатканбаева

        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив