Петропавлда заңды тұлғалар үшін ХҚО ашылды

Петропавлда заңды тұлғалар үшін ХҚО ашылды

Петропавлда бизнеске қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұндай шешімді Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету штабы қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай ХҚО Алматы мен Павлодар қалаларында өз жұмысын бастаған, таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатын болады.

Құжаттарды қабылдау облыс әкімдіктерінің алдын ала ұсынған тізіміне сәйкес жүзеге асырылады. Ол тізімге несиелеу бойынша оң шешім алған ұйымдар кіреді. Бұл ретте, ХҚО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшін ғана жұмыс істейді. Облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн жолмен ала береді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 87%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, Facebook және Vk әлеуметтік желілерінің чаттары арқылы алуға болатындығын еске саламыз.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., Әуезов к-сі, 157. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-17:00 аралығы.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив