Заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін тағы бір ХҚО іске қосылды

Заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін тағы бір ХҚО іске қосылды

Бұл жолы шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталығы Павлодар қаласында жұмыс істей бастады. Бұл туралы шешімді Павлодар облысының төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады.

Таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатынын атап өткен жөн.

Кәсіп иелерін қабылдау облыс әкімдігінің алдын-ала ұсынылған тізіміне сәйкес жүргізіледі. Ол тізімге несиелендіру бойынша оң шешім алған кәсіпкерлер кіреді.  

Айта кетейік, дәл осындай ХҚО өткен аптада Алматы қаласында ашылған болатын. Осы уақыт аралығында онда кәсіпкерлер 500-ден астам қызмет алған.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуды және бетперде кию тәртібін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері де маскалар мен қолғаптармен қамтамасыз етіледі.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайы: Павлодар қ. Есенәлиев к-сі, 24. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма аралығы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив