Қазақстандықтардың 42500 ₸ әлеуметтік төлемге қатысты сұрақтарына жауап берілуде

Қазақстандықтардың 42500 ₸ әлеуметтік төлемге қатысты сұрақтарына жауап берілуде

42500.enbek.kz cайтына әлеуметтік төлемге қатысты азаматтардан күнде мыңдаған өтініштер келіп түсуде 

2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша https://42500.enbek.kz сайтына шамамен 345 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде 32 мыңнан астам сұрақ тек 27 сәуірде түскен. Бүгінде мамандармен 72 мыңға жуық өтініш берушіге жауап қайтарылған.

ҚР Еңбек министрлігінің қызметкерлері сайтқа келіп түскен әрбір өтінішті жеке қарап, өтініш берушілерге қателерді жоюға көмектесіп, сұрақтарға жауап береді.

Азаматтардың сұрақтарына жедел жауап беріп, өтініштерді барынша тез қарау үшін Министрлік қызметкерлері төрт топқа бөлініп, тәулік бойы жұмыс істеуде.  

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Үкіметі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға қатысты азаматтардың өтініштерін (арыздарын) қарастыратын 4 мекемені анықтаған болатын. Олар:

1) 42500.enbek.kz сайты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл сайтында азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша барлық мәселелер қарастырылады.

2) 1414 call-орталығы. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның 1414 call-орталығы жүгінген адамның мәртебесі және әлеуметтік төлемдерді алу құқығы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру туралы ақпарат айқындалады.

3) 1411 call-орталығы, 42500@gfss.kz электронды поштасы. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ мемлекеттік корпорациясының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ тікелей жұмыс істейтін call-орталығы. Бұл жерде азаматтарға төлем тағайындау, төлемнің кешіктірілу себептері және төлемді беруден бас тарту туралы ақпарат ұсынылады.

4) 42500@enbek.kz  электронды поштасы: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы». Бұл мекеме азаматтар қате ұсынған банктік шоттың нөмірлері мен ЖСН-ін анықтап, өтініш берушілерге дұрыс деректерді қайта ұсыну үшін хабарлама жібереді. Азаматтардың түзетілген деректері негізінде оларға 42500 теңгені тағайындау үшін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на жібереді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив