Екі не одан да көп жерде жұмыс істесең де 42 500 теңгені қалай алуға болады?

Екі не одан да көп жерде жұмыс істесең де 42 500 теңгені қалай алуға болады?

Күн сайын 42500.enbek.kz сайтына әлеуметтік төлемдерге өтінім беруден басқа, азаматтардың әлеуметтік төлемді алуға қатысты сұрақтары мыңдаған өтініштер келіп түседі.

2020 жылғы 24 сәуір күнгі жағдай бойынша https://42500.enbek.kz сайтына  шамамен 232 мың өтініш түскен. Оның ішінде 23 сәуірде қазақстандықтар 25 мыңнан астам өтініш жолдаған. Бүгінде 20 мыңнан астам өтініш берушіге жауап берілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері 42500.enbek.kz сайтына келіп түскен әрбір өтінішті жіті қарап, азаматтарға өтінім беру кезінде жіберілген қателіктерді түзетуге көмектеседі.

Орталық мамандары «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ азаматтарға екі не одан да көп табыс көздерінің болуына байланысты 42 500 теңге төлеуден бас тартқан жағдайда қайда және қандай құжаттар жинау керегі туралы айтып берді.

- Азамат өтінімді жіберген кезде, жүйе оны арнайы база бойынша тексереді де, оның екі не одан да көп ұйымдардан түскен табысы бар екенін бірден көреді. Белгіленген ереже бойынша мұндай азаматтарға жүйе автоматты түрде әлеуметтік төлем төлеуден бас тартады. Егер азамат қос жұмыс орнынан да төленбейтін еңбек демалысына шығып, табысынан айрылған болса, ол мемлекеттік көмек ала алады. Осындай жағдайға тап болған адамға екі жұмыс орнынан да анықтама алып, оларды тіркеп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жазу керегін айтамыз, - дейді орталық маманы Жанболат Данияров.

Естеріңізге салсақ, ҚР Үкіметі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға қатысты азаматтардың өтініштерін (арыздарын) қарастыратын 3 мекемені анықтаған болатын. Олар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның 1414 call-орталығы, онда заңнамалық кеңес ұсынылады, өтініш берген адамның мәртебесі және әлеуметтік төлемдер алу құқығы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру туралы ақпарат айқындалады;

2) 1411 call-орталық, 42500@gfss.kz эл.пошта «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ корпорациясының МӘСҚ-мен тікелей жұмыс істейтін азаматтарға төлем тағайындау, төлемнің кешіктірілу себептері және бас тарту туралы ақпарат беріледі;

3) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің 42500.enbek.kz сайты, 42500@enbek.kz эл.поштасы, бұл сайт және поштада  азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша барлық мәселелері қарастырылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив