Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан тұңғыш әкім

Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан тұңғыш әкім

ШҚО, Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып, көпшіліктің сұрағына жауап берді-деп хабарлайды, аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімнің әлеуметтік желідегі тікелей эфирі екі сағатқа созылды. 500-ден астам адам сауалдарына жауап алды. Аудан басшысына қойылған сұрақтың басым бөлігі коронавирустың таралуына алаңдаушылық танытқан тұрғындардан жолданды. Ділдәбек Тәжібайұлы өз кезегінде әр сауалға толыққанды жауап беріп, аймақта індеттің алдын алу жұмыстары уақытылы жүргізіліп жатқандықтан алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Тұрғындарды төтенше жағдайдың тәртібіне жауапкершілікпен қарап,  сақтық шараларына мұқият болуға шақырды.

⠀         Сондай-ақ, әкімге көктемгі егіс науқанының кедергісіз жүруін назарға алсаңыз деп өтініш білдірген фермерлерден бастап, әлеуметтік сипаттағы сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, қаланы абаттандыру мәселелерін көтерген азаматтарда өз пікірлерін айтты. Технологияның жаңашыл мүмкіндігін пайдаланып арнайы уақыт бөліп, азаматтардың сауалдары мен өтініштеріне құлақ түрген аудан басшысына алғыс білдіргендерде болды.

⠀         Әлеуметтік желінің тікелей эфирін тиімді пайдаланған әкім: - "Жаһанды жаулаған пандемияның алдын алу үшін елде енгізілген төтенше жағдай салдарынан азаматтарды тет-а-тет форматында қабылдау мүмкін болмай тұр. Сондықтан, тікелей эфир-тұрғындарға жиналған сұрақтарға жауап берудің тамаша мүмкіндігі. Осындай онлайн-кездесулер карантиндік шектеулердің қолданылу мерзімінің соңына дейін жалғасады"- деп мәлімдеді, Ділдәбек Оразбаев.

⠀         Аягөз ауданының әкімі екі сағаттық онлайн-кездесуді қорытындылай келе, барша мұсылман қауымды Ораза айының басталуымен, жерлестеріне бейбітшілік пен береке тіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив