Қапастағы тұтқындар ерлігі...

Қапастағы тұтқындар ерлігі...

«Хабарсыз кетті...» - Ұлы Отан соғысы кезінде арыстарын майданға аттандырған халық үшін бұдан ауыр хабар болмаған шығар. Туысқандары боздақтардың не тірі, не қаза тапқандығын біле алмай, ең бастысы - Отан алдында адалдығын дәлелдейтін негіз таба алмай қиналды...

Соғыстың соңғы күнінен бері арада 75 жыл уақыт өтті. Бұл бір адамның ғұмыры, ал адамзаттың тарихы үшін бір сәт қана... 

Дегенмен ұрпақтар үшін сол асыл арыстардың бір хабарын білу әлі де үміт, әлі де қажет... 

Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде Үшінші рейхтің тұтқиылдан опасыздықпен жасаған шабуылының нәтижесінде майдандағы қимылдар өте қолайсыз ауыр жағдайларда жүрді. Жасанған жау кеңес әскерлерін ірі қоршауларға түсіріп, тылдан бөліп тастап отырды. Оқ-дәрі мен керек-жарақтары тауысылған, одан әрі қоршауларда ұрыс жүргізу мүмгіндігі толығымен шектелген кеңес әскерлері амалсыздан тұтқынға түсіп отырған. Майдан даласында жараланып, қарсыласуға шамасы болмай жау қолында қалғандар қаншама.  

Соғыс уақытында тұтқынға түскендердің саны туралы мәліметтер бұрынғы қарсылас болған елдердің тарихшылары арасында көптен бері тартысты мәселе болып келеді. Герман архивтері ресми түрде 5 млн. 207 мың адамды көрсетсе, Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің Бас штабы мәліметі бойынша тұтқынға түскендер саны 4 млн. 559 мың адамды құрайды.

Соғыстан кейінгі арнайы комиссияның жұмысы нәтижесінде тұтқынға түскен 4 миллионға жуық адамның 1 836 562-сі қайта оралған, олардың:
1 миллионға жуығы әскери қызметін жалғастыру үшін сапқа қосылған; 600 мыңдай адам жұмысшы батальондары құрамында өнеркәсіптерге жіберілген.     

339 мың адам (олардың ішінде 233,4 мың адам бұрынғы әскери қызметшілер) – тұтқында болған кезеңіндегі қылмыстары үшін Халық комиссарларының Ішкі істер лагерлеріне жөнелтілген.

Қайта оралмағандары (тұтқында қаза тапқандар мен шет елдерде қалып кеткендер) – 1 783 000 адам.

Кеңес әскерлерінің ішінде түрлі себептермен өз еркімен жау жағына өткендер де болған. Соғыстың басынан аяғына дейінгі кезеңде сатқындардың саны 250 мың адамды құраған. Олар фашистердің әскери құрамаларында күзет және қараул қызметтерін атқарған. Араларында партизандар мен  бейбіт халыққа қарсы соғысқандары да болған. Елге қарсы дивесиялық арандатумен айналысқан сатқындар да шыққан.          

Бірақ шындық – әрқашанда шындық болып қала бермек. Фашистер кеңестік әскери тұтқындарды адам төзгісіз, аш, қиын жағдайларда ұстаған. Сондай қиындықтарға қарамастан жанқиярлықпен жаудың концентрациялық лагерлерінде қарсыласу қозғалысын ұйымдастырған генерал Дмитрий Карбышев пен аға саяси жетекші Муса Жәлел секілді көптеген Отанның нағыз жауынгерлерінің ерліктері баршамызға мәлім. «Адам тағдыры» фильмі де Ұлы Отан соғысы кезіндегі миллиондаған кеңес әскери тұтқындарының трагедиясының көрінісін сипаттайды.

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің штаб бастығы подполковник Айдын Сағынбеков:

«Адам төзгісіз азаптарға қарамастан жау жағына қызмет етуге өтпеген, фашистік лагерлерде қаза болған боздақтар – шын мәнінде халқына берген антына берік болған Отанның нағыз ұлдары екендіктерін дәлелдеді. Бұл –Ерлік! Олардың барлығы да болашақ үшін күресті, өмір сүргісі келді, Жеңіске сенді! Фашистік лагерлердегі аштық пен суыққа, адам төзгісіз қорлықтар мен азаптарға мойымай, Отанын сатпаған арыстардың адал есімдері мәңгі сақталуы тиіс!» - деді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әскери-тарих музейі мен  Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерленген орындарын белгілеу жұмыстары жүргізілуде, алынған ақпарат жүйелендіріліп, арнайы мәліметтер базасында жинақталады.

Осы жұмыс аясында Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің қолдауымен концлагерьлерде болған қазақстандық әскери тұтқындардың карталарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жүздеген әскери тұтқындар туралы ақпараттар енгізілді.

Көпшілік назарына қазақстандық әскери тұтқындардың тізімі мен олардың аты-жөндері, жерленген орындары берілген. Туысқандары табылған жағдайда мына мекенжайға хат арқылы хабарласуын сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 2-үй, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы.

 

        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив