КВИ қарсы тұрған 80 астам медициналық  ұйымдар көтермеленеді

КВИ қарсы тұрған 80 астам медициналық ұйымдар көтермеленеді

COVID-19 коронавирустың тарауына жол бермеу шараларына қатысатын медициналық ұйымдарды қолдау мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры республиканың барлық аймақтарындағы 80-нен астам медициналық ұйымдармен және жедел жәрдем станцияларымен стационарлық қызмет көрсету бойынша келісім-шарттарды жасады.

Пациенттерді ауруханаға жатқызу қызметтеріне ақы төлеу үшін бірнеше арнайы тарифтер қарастырылды.

Қорда түсіндіргендей, бұл тарифтер көрсетілген қызметтерге байланысты сараланады: COVID-19 диагнозы расталған пациентті емдеу, провизорлық бөлімшесінде немесе карантинде қызмет көрсету.

КВИ бойынша стационарларды орналастырып жатқан Қордың медициналық қызметтерін жеткізушілер арасында: облыстық көпбейінді, қалалық және аудандық ауруханалар, оңалту орталықтары және т. б.

Мәселен, Түркістан облысындағы Кентау қалалық орталық ауруханасы 50 төсек-орынды жұқпалы аурулар стационарын орналастырды. Оның жұмысына 5 дәрігер, 7 орта медициналық қызметкер, 6 санитар, 3 дезинфектор тартылған. Бұл жерде жабдықталған 3 реанимациялық төсек-орны дайын. Қызметкерлер қажетті инфекциялық қорғау құралдарымен, дезинфекторлармен, антисептиктермен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Стационарда коронавирус инфекциясымен науқастанып қалған оннан астам адам, сондай-ақ олармен байланысқа түскендер бар.

Аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ляззат Ешмұратова стационардың жұмысы туралы айта отырып, бүгінгі таңда коронавирустық инфекциямен белсенді күресіп жүрген дәрігерлердің жұмысын бағалағап, оларға қолдау көрсеткен үшін, Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

«Біздің ауруахананың барлық дәрігерлері мен орта және кіші буын қызметкерлері тиісті үстемақыларын алып жатыр. Сондай-ақ, біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының уақтылы қаржылай қолдауын атап өткіміз келеді. Бүкіл елімізде медициналық ұйымдар коронавирусқа қарсыласып жатқан кезде, оны асыра бағалау қиын. Мамандарымыз науқастарды дерттерінен емдеп жазуға аянбай еңбек етеді», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, осы мақсаттарға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Індетке қарсы шараларға қатысатын медициналық қызметкерлері тәуекел топтарына байланысты қосымша төлемдер алады: 212,5 мың теңгеден (5 ТЖМ) 850 мың теңгеге дейін (20 ТЖМ). Жалпы медициналық қызметкерлерін көтермелеуге үкіметпен 6 айға 35,7 млрд теңге қарастырылған.

 

Анықтама

ӘМСҚ Қазақстандағы 1258 медициналық ұйымдармен 2020 жылы ТМККК және МӘМС аясында қызметтерді көрсету бойынша келісім-шарттар жасасты. Олардың 657 мемлекеттік, 601 – жеке меншік. Жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеден асады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив