Жыл басынан бері астаналық клиникаларға 68,4 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері астаналық клиникаларға 68,4 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері «ӘМСҚ» Астана қаласы бойынша филиалы медициналық мекемелерге тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін 68,4 млрд теңге төледі. Бұл сома кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қызмет көрсету туралы жалпы құны 88,1 млрд теңгеге бекітілген келісімшарттар сомасының шамамен 77,6%-ін құрайды. Төлемдердің басым бөлігі стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке (23,2 млрд теңге), жоғары технологиялық медициналық қызметтер үшін төленді. Жиыны 10 ай ішінде аталған медициналық көмектің түрлері мен формалары бойынша 235 мыңнан астам науқас емделді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қалалық филиалдың медициналық қызметтерді жеткізушілер тізімінде 85 мекеме бар, олармен стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультативті-диагностикалық көмек, жедел жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және тағы басқа қызмет түрлері бойынша 122 келісім шарт бекітілген. Жеткізушілер тізіміндегі 36 медициналық ұйым – мемлекеттік, 49 - жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда жекеменшік емханалардың саны тағы 13-ке артты. Астаналық жеткізушілердің толық тізімі Қордың fms.kz сайтында орналасқан.    

«ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры                                       Н.Кабдықапаровтың айтуынша, медициналық ұйымдарға ақы төлеу кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын өтеуге, оның ішінде қызметкерлердің жалақысын төлеуге жеткілікті.

«Қор апта сайын стационарлық және стационаралмастырушы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қызметтерінің сапасына электронды басқару жүйесі арқылы мониторинг жүргізеді. Айта кетерлігі, мониторинг жүргізу халық арасында сұранысқа ие медициналық қызмет түрін анықтауға да мүмкіндік береді», - дейді Н. Қабдықапаров.  

Медициналық қызметтерді пайдаланушылар тарапынан жеткізушінің қызметіне немесе көрсетілген қызмет сапасына қатысты арыз түскен жағдайда, филиал қызметкерлері жоспардан тыс мониторинг өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру Қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  пакеттері және үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив