Хайппен лайк жинағысы келгендер

Хайппен лайк жинағысы келгендер

Таразда төтенше жағдай режимін және жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші  жауапкершілікке  тартылды

Әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін  бұзып қана қоймай,  ел аумағына енгізілген төтенше жағдай режимін де елемеген «Лада» көлігінің жүргізушісіне қатысты бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының көшелерінде шектен шыққан тәртіпсіз әрекеттері бейнеленген белгісіз тұлғаның бейне түсірілімі желіде кең таралып, тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады.

Бейнежазба бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген Тараз қаласының Полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Лада 21703» маркалы автокөлігінің 23 жасар жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігімен (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен белгіленген талаптарды сақтамау), ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, атап айтқанда жүргізушіге шолуды шектейтін заттарды орнату) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 9-бөлігімен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

  Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерді төтенше жағдай режимі кезінде қозғалыстарды барынша шектеп, аса қажет болған жағдайда ғана жолға шығуды, сақ болуды ескертеді. Сонымен қатар көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерінің нұсқамаларын қатаң сақтап, көлік құралдарының тұраққа қойылуы мен тоқтауы, пайдалану ережелерін жауапкершілікпен мүлтіксіз орындауы қажет.

 

ПРЕСС-СЛУЖБА ДВД ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив