Ана мен бала денсаулығына қатысты мониторинг қорытындысы

Ана мен бала денсаулығына қатысты мониторинг қорытындысы

Ақмола облысының Арнайы мониторингтік тобының мүшелері ана мен бала өлімін төмендету бойынша өткен жылғы іс-шараларды іске асыру мониторингін жүргізу шеңберінде облыстың Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Көп бейінді облыстық ауруханаға, сондай-ақ облыстық Перинаталдық орталыққа барды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бірқатар проблемалық мәселелер анықталды.

Мәселен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шарттың орындалуын бағалаудың желілік шкаласын пайдалану медициналық ұйымдарды міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыруды алуға шектейді, өйткені төлем тек белгіленген лимит шегінде ғана жүргізіледі. Лимиттен жоғары медициналық көмек көрсету медициналық ұйымның қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл мәселені аурухана басшылығы ағымдағы жылдың басында Денсаулық сақтау министрлігінің алқасында айтты.

Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, өткен жылы балалар реанимациясында емделген нәрестелердің саны 215 құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 балаға немесе 10,3% артық. Айта кету керек, 215 баланың 79,2% - ы дене салмағы 500-ден 999 граммға дейін өте төмен. Яғни, бұл бала туу мерзімінен бұрын туылған балалардың саны тек қана өсуде, ал шет елдерде мұндай жағдайлар аз. Сондықтан, шет елде жаңа туған балаларды тіркеу және нәресте өлім-жітімінің көрсеткіштерін анықтау кезінде ескерілетін өлшемдерді біздің елде қолдану қажеттігі күмән тудырады.

Айта кету керек, ана денсаулығын қамтамасыз ету бағытында жоспарды орындауға қатысты, 36 апта мерзіміне дейін жүкті әйелдердің ілеспе ауруларын емдеу бұрын перинаталдық орталықта жүргізіліп және орталыққа да, әйелдерге да қиындық туғызып, енді облыстық аурухананың бейінді бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, топ облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінде жалақы деңгейінің жауапкершілік деңгейіне сәйкес келмеуіне байланысты барлық лауазымдар бос екеніне назар аударды. Бөлімнің барлық функционалдық міндеттерін басқарма басшысының орынбасары орындайды.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша топ белгіленген мәселелерді жою жөніндегі тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар енгізді.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив