Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті "Бек Эйр" әуекомпаниясына қатысты талап арызды толықтырмақ

  2020 жылдың 31 қаңтарында Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Бек Эйр әуекомпаниясына тұтынушылар құқығының бұзылуына байланысты талап арыз берген болатын. Талап арызға сатып алынған авиабилеттерге ақшасы қайтарылмаған 20 тұтынушының өтініші негіз болды.

Сотқа талап арыз берген сәттен бастап Бек Эйр әуекомпаниясына, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінде "шұғыл желіге" 100-ден астам адам өтініш берді, 57 тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін 32 өтініш түсті. 10 ақпанға дейін Комитет жалпы сомасы 2 146 199 теңгеге 77 тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін 44 өтінішті қабылдады.

Тұтынушылар ҚР сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне "шұғыл желі" телефондарына кеңес алу үшін хабарласа алатынын хабарлаймыз: 74-98-32, 74-98-36

Өтініштер Комитеттің пошталық мекенжайына жолданады: Нұр-сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер Үйі", 2 кіреберіс. Сонымен қатар, өтінішті «Электрондық үкімет» (egov.kz). порталына жіберуге болады.

Өтініштерді белгіленген үлгіде жіберу қажет екеніне назар аударамыз, оны "шұғыл желіге" қоңырау шалып немесе Комитеттің сайтындағы сілтемеден көшіріп алу қажет. https://beta.egov.kz/memleket/entities/mti-kzpp?lang=kz.

Бұдан бөлек, фискалдық чектердің немесе басқа да растайтын құжаттардың, билеттердің және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

 

ҚР ТЖМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі

 

Үлгі ретінде 

 

ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы

А.К. Ахметовке

А.Ж.Т.  ___________________

ЖСН _______________________

Мекенжайда тұратын

 

Мекенжайын көрсету

тел. ________________________

 

Мен, ___________________________________________________________,

А.Ж.Т.

әуе тасымалдаушысы Бек-Эйрдан авиабилет сатып алдым

күнін көрсету

______________________________________________________________

Билеттің қандай тәсілмен сатып алынғаны көрсетіледі (Chocotravel, Авиата,

 Бек-Эйр сайты және т.б.)

_________________________________________________________________________

Ұшу күнін, хабарламаны көрсету, (мәселен,  2020 жылдың 13 қаңтарына "Нұр-сұлтан - Алматы" бағытындағы рейске)

Жалпы сомаға

Бағасын көрсету (мәселен, 50 936 (елу мың тоғыз жүз отыз алты теңге).

атына _________________________________________________________

билеттің кімге сатып алынғанын көрсету А.Ж.Т

______________________________________________________________

Бек-Эйр әуекомпаниясына немесе «Chocotravel.com», Авиата және т.б. ақшаны қайтару үшін бұрын сотқа жүгінгенін көрсету. Өтініш жасаған жағдайда күнін, тәсілін және қорытындысын көрсету керек.

 

Сізден менің құқығымды қорғау үшін сотқа жүгінуді сұраймын.

 

Қосымша:

- жеке басымды куәландыратын құжаттар көшірмесі (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік);

- төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері (фискалдық түбіртек және т.б.);

- билет көшірмесі;

- өтініш берушінің банктік деректемелері туралы мәліметтер (банктік көшірмелер);

- Бек-Эйрға бұрын өтініш бергенін растайтын құжаттар (болған жағдайда скрин көшірмелер және т.б.).

 

 

Қолы                                               күні

 

 

Өтініштерді жіберу тәсілдері:

  • Қолма-қол, мекенжайға поштамен: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, «Министрліктер Үйі», 8, 2 кіреберіс;
  • Электрондық үкімет арқылы е-gov.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив