Мемлекеттік сатып алу саласындағы   сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымымен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізуді қарастыратын ҚР ҚІЖК 200-бабы шеңберінде алдын алу кеңесін өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Қанат Жанысбаев басқарма қызметкерлеріне Целиноград ауданы Малотимофеевка ауылының арнайы қызмет көрсету орталығы және «Еңбек» ШЖҚ РМК «Еңбек-Аршалы» филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты жұмсақ мүкәммал сатып алуға мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі және күрделі жөндеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жіберілген бұзушылықтар бойынша ұсыныс жеткізді.

Айта кету керек, Орталық директоры тарапынан мекеменің қабылдау комиссиясына бақылаудың болмауы, жеткізілген тауарды қабылдау кезінде қабылдау комиссиясының формальды тәсілі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР заңнамасын білмеу себеп болды

Өз кезегінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшілік ететін қызметтері заңдылықтың бұзылуын болдырмау, Ар-намыс кодексін сақтау және заңнаманы бұзуға жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларын тұрақты негізде қабылдауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асырудың барынша толықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив