Ақмола облысының пенитенциарлық жүйесінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

Ақмола облысының пенитенциарлық жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою туралы ұсынысқа жеткізді.

Сонымен қатар, жүргізілген алдын алу іс-шараларына қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері әлі де өткір тұр. Қылмыстық-тергеу практикасы пенитенциарлық жүйедегі шешілмеген мәселелердің бар екенін куәландырады.

Мысалы, сотқа дейінгі тергеп-тексерумен 2019 жылғы 11 шілде айында ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының орынбасары сотталушыдан жалпы сомасы 400 мың теңге тұратын «QIWI» әмиянға аударылған ақшалай қаражат түрінде пара алғаны анықталды. Тергеу барысында мекеме бастығының орынбасары ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін әшкереленді.

Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар тиісті бақылаудың, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда жүйеліліктің жоқтығы, сондай-ақ жеке құраммен жұмыс жүргізу кезіндегі формализм мен үлгішілдік туралы куәландырады.

Құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық деңгейдегі басшылардың бағыныштылар жасаған сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар үшін дербес жауапкершілігі қағидаты бойынша бірыңғай жұмыс жүйесін қалыптастыру, қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне азаматтардың және сотталғандардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыруды қайта қарау, ҚАЖ қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайларды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау және т.б. ұсынылды.

Айта кету керек, бүгінгі күні әрбір сыбайлас жемқорлық қылмыс мұқият қарау объектісі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың себептері мен шарттары анықталады, олар бойынша облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсыну шеңберінде ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде нақты ұсынымдар енгізеді.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив