Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

05.11.2019ж. бұқаралық ақпарат құралдарында Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің «Көкжайлау» шатқалында «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салуға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдаланудың күмәнділігі туралы журналист Вадим Борейконың мақаласы жарияланды.

Жарияланымда 2014-2019 жж. электр және газбен жабдықтау желілері мен кәріз коллекторын салуға бюджеттен 19 млн. АҚШ доллары жұмсалғанын (тапсырыс беруші - Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы), кейін теңге бағамының өзгеруіне байланысты тағы 13,5 млн. АҚШ доллары қосымша бөлінгенін, ал шын мәнісінде оның жоқ екендігін баяндаған.

Тағы 200 мың АҚШ доллары (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына балама, шамамен 76 млн. теңге) PR жоба жасап, кейін оны тоқтатқан квазимемлекеттік компания «Mountain Mountain Resorts LLP» (жоба балансына өтуге тиісті жобаның операторы) ұстауға жұмсалған. 

07.11.19 ж. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл ақпаратты есепке алу кітабына тіркеп, мақалада көрсетілген дәлелдерді тексеру үшін материалдарды Алматы қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (мемлекеттік аудит) жолдады.

Сонымен қоса, 2019 жылғы 26 қарашада Алматы қаласы бойынша Департментке «Көкжайлауды сақтайық» бастамашыл тобының мүшесі А.Жандосованың (Таусар қоғамдық қорының директоры) «Көкжайлау» курортының құрылысына бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеру туралы өтініші түсіп, ол осыған дейін ашылған тексеруге қосу үшін Алматыдағы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Егер тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеуді бастайды.

 

Агенттіктің

Серіктестік Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив